Күн тәртібінде «қолайсыз ата-ана» санаты бойынша есепте тұрған отбасы қаралды. Әңгімелесу барысында азаматша З. Гастелло ауылының тұрғынына оның құқықтары, сондай-ақ кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеу және бағу жөніндегі міндеттері түсіндірілді. Әйел ішімдік ішеді, уақытша жұмыс істемейді. Кәмелетке толмаған бала әкесінде, бұл отбасы ажырасқан. Мансаптық орталық қоғамдық жұмыстарға орналасуды ұсынды. Комиссияның шешімі бойынша отбасы бақылауда болады, ал жұмысқа орналасуға, денсаулық жағдайын тексеруге уақыт беріледі, сондай-ақ бірқатар ұсыныстар беріледі.