Елімізде «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесі енгізілді - бұл азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін анықтауға және проактивті форматта оларға кепілдік берілген мемлекеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін әртүрлі мемлекеттік органдардың ақпаратын жинақтайтын ақпараттық жүйе.
Осы жүйенің көмегімен проактивті форматта, яғни артық бюрократиясыз және инстанциялар бойынша жорықсыз, минималды өзінің аз қатысуымен жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдердің қызметтерін ала аласыз.
Бұл қалай жұмыс істейді, Отбасының цифрлық картасы - әртүрлі мемлекеттік органдардан азаматтар туралы барлық ақпаратты бірыңғай дерекқорға жинайды. Жүйе бес критерий бойынша анықталатын отбасылардың әл-ауқатына талдау жасайды: экономикалық өмір сүру жағдайы, денсаулық сақтаумен қамтылуы, мүгедектердің болуы, тұрғын үй және әлеуметтік жағдайлар, біліммен қамтылуы, отбасы мүшелерінің білім деңгейі.
Мысалы, егер жүйе атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасын анықтаса, онда мұқтаж отбасы әлеуметтік көмектің әлеуетті алушысы екендігі туралы хабарламамен СМС - хабарлама алады. Егер СМС - хабарлама алған азамат оған келісімімен жауап берсе, онда барлық әрекеттер атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес орындалады.
СМС - хабарлама тек бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөмірінен түсуі керек.
Белсенді форматта кепілдендірілген мемлекеттік қолдау көрсету - жаңа буындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландырудың негізгі белгілерінің бірі.
Жарқайың ауданының жұмыспен қамтуды және
әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімі