Бүгінгі таңда елімізде 18 конфессияға тиесілі 3816 діни бірлестік тіркелген: 2680 - исламдық, 342 - православие, 86 - католик, 595 - протестант, 60 - Ехоба куәгерлері, 24 - Жаңа апостолдық шіркеу, 11 - Кришна санасы қоғамы, 7 - иудаизм, 6 - бахаи, 2 - буддизм, 2 - Иса Мәсіхтің соңғы күнгі әулиелер шіркеуі (мормондар), 1 - муниттер.
Жалпы елімізде 3585 діни ғимарат бар, оның 2678 - мешіт,
301 - православие шіркеуі, 108- католик шіркеуі, 406- протестанттық ғибадат үйі, 57 - Иегова куәгерлерінің ғибадат үйі, 24- Жаңаапостол шіркеуі,
6 - синагог, 2 - Бахаи ғибадат үйлері, 2 - «Кришна санасы қоғамы» ғибадатханалары, 1 - буддисттік ғибадатхана.
Ресми түрде 581 миссионер тіркелген, олардың 438 - шетелдіктер,
143 - Қазақстан азаматтары.
Азаматтардың діни өзін-өзі тануының негізгі түрлері ислам және христиан дінімен байланысты.
Конфессия бөлінісінде:
Католиктер - 264, православие - 82, Елуіншілер күн шіркеуі - 47, Иса Мәсіхтің соңғы күнгі әулиелер шіркеуі (мормондар) - 43, Жаңаапостолдық шіркеу - 36, Кришна санасы қоғамы - 32, Пресвитериандық шіркеу - 29, баптистер - 17, жетінші күн адвентистері - 15, ислам - 6, иудаизм - 4, лютерандар - 3, Ехоба куәгерлері - 2, буддистер - 1.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2020 жылдың 1 тоқсанында діни қызмет саласында әкімшілік құқық бұзушылықтардың 64 жағдайы анықталды, оның ішінде құқық қорғау органдарының 29 ісі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 453 және 489 баптары бойынша.
Дін істері комитеті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерімен бірлесе отырып, дін мәселелері бойынша аймақтық ақпараттық-түсіндіру топтарының (бұдан әрі - АТТ) қызметін үйлестіреді. Өңірлерде 2393 адамнан тұратын діни мәселелер бойынша 224 облыстық АТТ бар.
Облыстық дін істері басқармаларының есептеріне сәйкес, АТТ мүшелерінің қатысуымен 2020 жылдың 1 тоқсанында 264 мыңнан астам қазақстандықтарды қамтыған 2732-ден астам түрлі іс-шаралар өткізілді. Осындай іс-шаралар жастар арасында ұйымдастырылды. Барлығы 35222 адамды қамтыған 612 іс-шара өткізілді.
АТТ қызметі ең алдымен халықтың мақсатты санаттарына жастар, сенушілер, жұмыссыздар, сотталғандар және олардың отбасы мүшелері, жеке кәсіпорындардың қызметкерлері, сауда, қызмет көрсету және т.б. бағытталған.
Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, түрмелердегі 3513 сотталушының қатысуымен 1625 шара ұйымдастырылды. Оның ішінде 506 адамның қатысуымен 1149 жеке кездесу және 2988 адамның қатысуымен 476 жалпы алдын-алу шаралары өткізілді. Осы жұмыстың нәтижесінде 165 сотталушы оңалтылды.
Есепті кезеңде ДІБ 219 әйелге 4 323 412 теңге көлемінде әлеуметтік және материалдық көмек көрсетті, соның ішінде басқа да көмектер көрсетілді (тамақ, киім, қағазбастылық, балаларды мектепке жинау, жұмысқа орналасуға көмек, жаңа мамандықтар мен бейімдеу және т.б.).
Министрлік тарапынан діни әдебиеттерге, басқа материалдар мен діни заттарға діни сараптама ұйымдастырылады. 2020 жылдың 1 тоқсанында 624 материалға діни сараптама жүргізілді, оның 14 - теріс, 507 - оң, 45 - діни емес, 58 - шет тілдегі әдебиеттерге сараптама қорытындылары берілді.
2020 жылдың 1 тоқсанында 654-тен астам интернет-ресурстардың мазмұны талданды, олардың ішінде 431 интернет-ресурстың заңсыз материалдары бар сілтемелер анықталды. Олар туралы теріс сараптамалық қорытындылар тиісті процессуалдық шешімдер қабылдау үшін Ақпарат комитетіне жіберілді.
2020 жылғы 1-тоқсандағы жағдай бойынша республикада
13 теологиялық оқу орны бар. Ондағы студенттердің жалпы саны - 3381 адам.
Ислам бағытында - 11 (1 «Нұр-Мүбарак» университеті, 5-медресе колледжі, 4-медресе, ҚМДБ жанындағы Имамдардың біліктілігін арттыру бойынша 1-ислам институты).
Христиандық бағытта - 2 (1 - Алматы православие семинариясы және
1 – Қарағанды қаласындағы «Мария - Шіркеу Ана» епархияаралық жоғары діни семинариясы)