басшысы.
Ақмола облысы Жарқайың ауданының аумағында цифрландыру, жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс салаларындағы мемлекеттік саясат пен өңірлік бағдарламалардың уақтылығы, сапасы мен толықтығы, сондай-ақ Жарқайың ауданы әкімі аппаратының жұмыс істеуі;
* Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының актілері мен тапсырмаларының, Ақмола облысы әкімінің, Ақмола облысы әкімдігінің, сондай-ақ Жарқайың ауданы әкімінің актілері мен тапсырмаларының уақтылы, сапалы және толық орындалуы;
* Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің аппаратымен, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарымен және олардың аумақтық бөлімшелерімен, өзге де мемлекеттік органдармен және мекемелермен, сондай-ақ Ақмола облысының әкімдігімен өзара іс-қимыл жасау.
Ұйымдастырады:
* аудан экономикасының негізгі салаларына заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту және енгізу үшін жағдайларды қамтамасыз ету, сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету, жұмылдыру дайындығы мен аумақтық қорғанысты, құқықтық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс;
* аппараттың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін Жарқайың ауданы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің қызметі.
Үйлестіреді:
* цифрландыру, жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс, құқықтық тәртіп салаларындағы бағдарламалар мен кешенді іс-шараларды іске асыру бойынша ауданның аумақтық органдарының, ұйымдары мен қызметтерінің өзара іс-қимылы;
* жүктелген өкілеттіктер шеңберінде квазимемлекеттік сектор ұйымдарымен, кәсіпкерлік субъектілерімен, Халықаралық және қоғамдық ұйымдармен, қорлармен, сондай-ақ басқа да кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау.
Басшылықты жүзеге асырады:
* Жарқайың ауданы әкімі аппаратының оның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, сондай-ақ цифрландыру, жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс, құқықтық тәртіп салаларындағы міндеттерді іске асыратын құрылымдық бөлімшелері.
Аумақтық консультативтік және үйлестіру кеңестерін, комиссияларды (жүктелген өкілеттіктер шеңберінде) басқарады.
Өзге және / немесе қосымша функцияларды жүктеуге жол берілмейді.
Жетекшілік ететін бағыттар бойынша қабылданатын шешімдер мен қызмет нәтижелері үшін дербес жауапты болады.