Мемлекеттің мәдениет саласындағы негізгі міндеттері: 1) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 2) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін жаңғыртуға, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шаралар қабылдау; 3) ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу арқылы азаматтарды патриоттық және эстетикалық тәрбиелеу үшін жағдайлар жасау; 4) мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету; 5) халыққа мәдени қызмет көрсетудің ең төменгі мемлекеттік стандарттарын белгілеу; 6) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасын нығайту; 7) дарынды тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету;

8) мәдениет саласында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық үстемдікті, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттауға немесе үгіттеуге жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау; 9) заңсыз әкетуге және әкелуге, меншік иесінің мәдени құндылықтарға құқықтарын заңсыз беруге, оларды кез келген заңсыз иеленуден қайтаруға шаралар қолдануға кедергі жасау; 10) мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастық үшін жағдайлар жасау; 11) азаматтардың ұлттық-мәдени бірлестіктерге қатысу еркіндігін қоса алғанда, ұлттық және мәдени бірегейлікті қорғауға және дамытуға құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету, мәдениет ұйымдарын құру, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шетелдегі отандастармен мәдени байланыстарды кеңейтуге қатысу;