Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің сапасы мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың негізгі өлшемі болып табылады . Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету және олардың қолжетімділігін арттыру , он ың ішінде жаңа технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану негізінде , қызмет көрсетудің
бизнес процестерін жетілдіру елдің мемлекеттік басқару саласын дамытудың басымдығы , сондай ақ әлеуметтік экономикалық дамудың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізудің маңызды шарттарының бірі болып табылады Әкімшілік, сыбайлас жемқорлық және өзге де кедергілерге байланысты тәуекелдерді азайту , клиентке бағдарланған тәсілді енгізу мақсатында мемлекеттік
қызмет көрсетуді автоматтандыру процесін аяқтау бой ынша жұмыс жүргізілуде . ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жыл сайын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізуге бастамашылық жасайды . Бұл ретте мониторинг ілеуг е
жататын қыз меттер неғұрлым жаппай , проблемалық бюрократияланған , сыбайлас жемқорлыққа ұшыраған , мерзімдері бұзылған , шағымдары көп және т б .) және әлеуметтік маңызы бар қызметтер ретінде айқындалды Азаматтардың мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін ба ғалауы азаматтардың мемлекетке деген сенім деңгейін айқындайтын , халықтың күтуін ( қалыптастыратын , елде жүргізіліп жатқан өзгерістерді қолдауды көрсететін маңызды фактор болып табылады . Осыған байланысты азаматтардың
мемлекеттік қызметтердің қолж етімділігі мен сапасына қанағаттануын анықтаудың әлеуметтанулық әдістері шет елдердің тәжірибесінде де , Қазақстан Республикасында да кеңінен қолданылады . Бұл тәсіл мемлекеттік басқару органдары қызметінің тиімділігін бағалауға , мемлекеттік қызметтер көрсету саласында инновацияларды енгізу мониторингін жүргізуге , сондай ақ одан әрі дамыту басымдықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді Қоғамдық
мониторинг барысында көрсетілетін қызметті алушылардың
көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрс ету сапасына , қолжетімділігіне және рәсімдеріне қанағаттану деңгейі , сондай ақ мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде туындайтын жүйелі проблемалық мәселелер айқындалады Әлеуметтік
зерттеу 2024 жылдың мамыр қараша айлары аралығында
жүргізілді . Зерттеу қызм ет тұтынушыларының жаппай сауалнамасынан ,
тұтынушылармен және қызмет жеткізушілерімен тереңдетілген сұхбаттан , « Құпия сатып алушы » әдісімен бақылаудан және фокус топтардағы пікірталастардан тұрды 2024 жылы қоғамдық мониторингке
орталық мемлекеттік органда р мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін 70 мемлекеттік қызмет енгізілді .
Мемлекеттік қызметтерді таңдаудың негізгі өлшемд ері оның бұқаралық сипаты , сұранысқа ие болуы , проблемалық, әлеуметтік маңыздыл ығы болды . Сондай ақ 36 4 қызмет бойынша онлайн мониторингке талдау жүргізілді. Зерттеу нәтижелері интеграцияланған көрсеткіштерді де, қоғамдық мониторинг және онлайн мониторинг барысында жеке анықталған бағалауларды да қамтиды . Есепте зерттеу барысында анықталған проблемалары бар мемлекеттік
қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің негізгі нәтижелері, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі қорытындылар мен ұсынымдар қамтылған.