Негізгі қызмет түрі - Өсімдік шаруашылығы, дәнді дақылдар өсіру. Ауыл халқы жеке қосалқы шаруашылықпен айналысады. Жарқайың ауданы Гастелло ауылының аумағы 51789 га құрайды, бұл аудан аумағының 4,2 пайызын құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жалпы ауданы 50488 га құрайды, оның ішінде егістік – 32859 га(65%), жайылым – 13919 га (27,6%), шабындық-3710 га(7,3%). Гастелло ауылының аумағында мынадай шаруашылықтардың жер алқаптары бар
Гастелло ауылының аумағында мынадай шаруашылықтардың жер алқаптары бар
"Агропромтехника" ЖШС ауыл шаруашылығы алқаптарының егіс алаңы-712,2 га, оның ішінде егістік-712,2 га.
"Сельхозхимия" ЖШС ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы ауданы-4314 га, оның ішінде егістік-3895 га, шабындық-419 га.
"Кен-М" ЖШС жалпы ауданы 19766,4 га, оның ішінде егістік-10805,4 га, жайылым-8961 га.
К/Х саны – 28, егіс алаңы К/Х -21021,6 га.