GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Қызметі
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Все материалы
23 октября 2025
Арқалық – Державинск бағытында жаңа қала маңы пойызы жолға шықты!

 2025 жылғы 20 қазаннан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ №6807/6808 пойызын іске қосты. Жаңа бағыт өңір тұрғындары мен теміржолшыларға қолайлы қатынасты қамтамасыз етеді.

 Кесте: • Арқалық → Державинск: 09:00 — 10:51 • Державинск→ Арқалық: 15:07 — 16:57

 Пойыз дүйсенбіден жұмаға дейін, мереке және демалыс күндерін қоспағанда, қатынайды.

 Бағыт: Арқалық, Фурманов, Тасты-Талды, Баранкөл және Державинс станциялары арқылы.

 Бұл жаңа бағыт аймақ халқының мобильдігін арттырып, әлеуметтік-экономикалық байланыстарды нығайтады.

 «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

04 сентября 2024
Қазақстандықтар атом энергетикасы мен АЭС құрылысы туралы толық ақпаратқа қол жеткізе алады

Қазақстандықтар атом энергетикасы мен АЭС құрылысы туралы толық ақпаратқа қол жеткізе алады

Атом энергетикасы және атом электр станциясының (АЭС) құрылысы мәселелерін тереңірек түсінгісі келетін азаматтар үшін порталда Gov.kz eGov mobile мобильді қосымшасында жиі қойылатын сұрақтарға жауап беретін жаңа бөлім құрылды.

2 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды, ол еліміздегі алғашқы атом электр станциясын салу туралы шешім қабылдаудағы шешуші кезең болады.

Осыған байланысты әрбір адам саналы таңдау жасай алуы үшін атом энергетикасының маңызды аспектілері туралы азаматтарды оқытуды күшейту туралы шешім қабылданды.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп Gov.kz порталында және eGov mobile мобильді қосымшасында арнайы ақпараттық бөлімдер әзірлеп, енгізді. Мұнда пайдаланушылар атом энергетикасы, атом электр станцияларының құрылысы мен жұмысы, олардың қауіпсіздігі мен қоршаған ортаға және денсаулыққа әсері туралы өзекті сұрақтарға жауап таба алады.

Бұл шаралар әрбір қазақстандықтың атом энергетикасына қатысты барлық аспектілерге объективті баға беріп, референдумға толық және сенімді ақпаратпен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған.

28 августа 2024
Далабай ауылында медиатор туралы

Құрметті Далабай ауылының тұрғындары!

 

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 134 бұйрығымен қоғамдық медиаторды сайлау қағидалары бекітілді.

Қоғамдық медиаторларды Далабай ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) тоқсанына кемінде бір рет сайлайды. Қоғамдық медиатор болып сайлау үшін құжаттар Далабай ауылы әкімінің аппаратына мынадай тәсілдердің бірімен жіберіледі:

1) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен және (немесе) қолма-қол қағаз немесе электрондық жеткізгіштерде: Далабай ауылы, Ленин к-сі, 3;

2) "электрондық өтініштер" ақпараттық талдау жүйесі бойынша электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында;

3) zharkain-dalabai@aqmola.gov.kz, dalabai.dalabai@mail.ru

электрондық мекен-жайға.

Үміткерлер келесі құжаттарды тапсырады:

1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі – өтініш);

2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

3) заңды мекен жайы туралы мәліметтер;

4) байланысдеректері (пошталық және электрондық мекенжай не телефон немесе телефакс нөмірі);

5) медиатор маманданған медиация саласы туралы мәліметтер;

6) медиатор медиацияны жүзеге асыратын тіл туралы мәліметтер;

7) үміткердің тұрғылықты жері бойынша берілген наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардан және Психоневрологиялық ұйымнан медициналық анықтамалар;

8) соттылығының жоқтығы туралы анықтама.

         Құжаттарды қабылдау мерзімі қоғамдық медиаторды сайлау туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

Әлеуметтік қамсыздандыру
28 февраля 2024
Пеш жағудың қауіпсіздігі

Пештік қондырғылармен байланысты өрттер мен жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында Төтенше жағдайлар бөлімі пешті пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздік талаптарын тұрғындар назарына жеткізеді:
1. От жағу кезеңі басталар алдында от жағу пештері тексеруден және жөндеуден өтуі қажет. Бүлінген от жағу жүйелерін пайдалануға рұқсат етілмейді.
2. Пештер мен басқа жағу аспаптары өртке қарсы нормаларымен орнатылған жанғыш құрылыстарынан бөлінген және бос жерлері болуы қажет, сондай-ақ пеш маңындағы металл беттердің өлшемі 50х70 см кем болмауы қажет (жанғыш еденде).
3. Түтін жолдары мен пешті от жағу кезеңі басталғанда, сондай-ақ бүкіл кезең ішінде тазалау қажет.
4. От жағатын пешті пайдалану кезінде рұқсат етілмейді:
- жағылған пештерді қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларға бақылау жасауды кішкентай балаларға тапсыруға болмайды;
- пеш маңындағы қорғаныш бетіне отын, басқа да жанғыш заттар мен материалдарды орналастыруға болмайды;
- пешке тамыздық ретінде бензин, керосин, дизельді отын мен басқа да ТТСжЖС пайдалануға тыйым салынады;
- желдетуге және газға арналған арналарды түтін шығатын жол ретінде пайдалануға болмайды;
- пешті өте қатты қыздыруға.
5. Пештен шығарылған күл мен шлакқа су құйып сөндірілуі тиіс және олар арнайы дайындалған қауіпсіз орынға апарып тастау қажет.

Әлеуметтік қамсыздандыру
26 февраля 2024
Шағын несиелеу

Құрметті Жарқайың ауданының тұрғындары!

 

Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Ақмола облысы бойынша еңбек мобильдігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жарқайың ауданының мансап орталығы» филиалы жаңа жобаны жүзеге асыруға микрокредит алу мүмкіндігі туралы хабарлайды  Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес бизнес-идея.

Жастар қатарындағы үміткерлерге мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу, нысаналы пайдалану қағидаттарын сақтай отырып, мынадай шарттарда микрокредиттер беріледі:

1) микрокредит мерзімі – 5 (бес) жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін;

2) микрокредиттің ең жоғары сомасы – 5 (бес) миллион теңгеге дейін;

3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі жарым) пайыздан аспайды;

4) кепілмен қамтамасыз етудің болуы;

5) негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең микрокредит беру мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды;

6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес сенім білдірілген өкілге (агентке) микрокредит алу үшін жүгінген сәтте дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі бес жылдан аз кәсіпкерлер.

Микрокредит беру үшін үміткердің жасы құжаттарды тапсыру сәтінде ескеріледі.

Сізді қызықтыратын сұрақтар бойынша Жарқайың ауданының мансап орталығына хабарласыңыз, тел. 87164892404, мекен-жайы Школьный т., 24.

Әлеуметтік қамсыздандыру
26 февраля 2024
Грант

Құрметті Жарқайың ауданының тұрғындары!

 

Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Ақмола облысы бойынша еңбек мобильдігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жарқайың ауданының мансап орталығы» филиалы жаңа жобаны жүзеге асыруға грант алу мүмкіндігі туралы хабарлайды  Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес бизнес-идея.

Грантқа үміткерлер:

1) атаулы әлеуметтік көмек алушылар;

2) төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға, оның ішінде жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысанында оқитын балаларға, олар он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітірген уақытқа дейін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алушылар (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) және (немесе) оның жұбайы (зайыбы);

3) асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушылар

4) қоныс аударушылар;

5) қандастар;

6) еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;

7) мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған адамдар және (немесе) оның жұбайы (зайыбы).

Гранттар өтеусіз және қайтарымсыз негізде 400 АЕК-ке дейінгі мөлшерде беріледі.

Гранттар жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз дара кәсіпкер ретінде грант алуға өтініш бергенге дейін тіркелген жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі.

Үміткерде 3 жылдан аспайтын мерзімге «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту сертификаты болуы керек.

Кәсіпкерлік негіздерін үйрену үшін жеке тұлғалар business.enbek.kz порталында (бұдан әрі – Портал) тіркеледі.

Онлайн курстың ұзақтығы курс басталған күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күннен аспайды.

Онлайн курс тегін жүргізіледі және жеке негізде, оқу материалдарын өз бетінше меңгеру арқылы жүргізіледі.

Сізді қызықтыратын сұрақтар бойынша Жарқайың ауданының мансап орталығына хабарласыңыз, тел. 87164892404, мекен-жайы Школьный т., 24.

 

23 февраля 2024
Хабарландыру

Құрметті Жарқайың ауданы Далабай ауылының тұрғындары!

 

Жарқайың ауданы Далабай ауылы әкімінің өкімі негізінде 2024 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде аудан әкімінің ресми сайтында және бұқаралық ақпарат құралдарында Далабай ауылы әкімінің 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша қызметі туралы есептерді жария талқылау өтеді.

Қызықтырған сұрақтар бойынша мына телефондар бойынша хабарласуға болады: 93-1-29

 

Жарқайың ауданының Далабай ауылы әкімінің аппараты

 

Әлеуметтік қамсыздандыру
23 февраля 2024
Жастар тәжірибесі

Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Ақмола облысы бойынша еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жарқайың ауданының мансап орталығы» филиалы Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде, оқуды аяқтағаннан кейін 5 жыл ішінде алған мамандығы  бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға, 35 жастан аспайтын түлектерді «Жастар тәжіребиесіне» жұмысқа қабылдау туралы хабарлайды, ұзақтығы 12 айдан аспайды, жалақысы 30 АЕК құрайды. Анықтамалар Державин қаласы, Школьный жолағы, 24 үй. Тел: 9-24-04.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы