Жарқайың ауданы Далабай ауылы әкімінің 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің ЕСЕБІ

Жарқайың ауданы Далабай ауылы әкімінің 2024 жылғы

мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің

ЕСЕБІ

 

"Далабай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі келесі мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді:

- "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру";

- "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру";

- "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу";

- "Жер учаскесін алуға кезекке қою";

- "Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату";

-"Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту".

Мемлекеттік қызметтер 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" ҚР Заңының 24-бабының негізінде тегін көрсетіледі.

2024 жылы Далабай ауылы әкімінің аппаратына мемлекеттік қызмет түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы"2013 жылғы15 сәуірдегі №88-V Заңын және бекітілген ережелерді басшылыққа алады.

МемлекеттікқызметкөрсетутәртібітуралыақпаратДалабайауылыәкімініңаппаратындаақпараттықстендтегіқоғамдықорындардаорналастырылған,сондай-ақ ресмиинтернет-ресурстарда орналастырылған.

"Egov"өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы18 қызмет көрсетілді. "Соттылығының бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама беру" -4, "ЭЦҚ қашықтан алу" -12, "Тұрғылықты жері бойынша тіркелу "-1, "Кейінге қалдыру"-1.

2024 жылы Далабай ауылы әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған түсіндіру іс-шаралары өткізілді.

 Ауыл әкімінің аппаратында келушілер үшін электрондық үкімет арқылы мемлекеттік қызметті алу мүмкіндіктері туралы ақпарат орналастырылған стенд бар.

2024 жылғы 1қаңтармен 31 желтоқсан аралығында Мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардан" Далабай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

Далабай ауылы әкімі аппаратының басмаманы 2024 жылы кестеге сәйкес біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

2024 жылы тиісті техникалық сипаттамалары бар мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін компьютерлік техника жаңартылды.

Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру көрсетілетін қызметті алушылармен мемлекеттік көрсетілетін қызмет ережелерін жария талқылау арқылы жүзеге асырылады. Жария талқылау қорытындылары мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және Мемлекеттік қызмет стандарттарын жетілдіру үшін пайдаланылады.

Дата публикации
27 февраля 2025