Меню

Страницы

Статья

Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері сайлаушылармен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб мүшелері, Халықтық коалицияның белсенділері еліміздің барлық өңірінде сайлаушылармен экспромт-кездесулер өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат Халықтық коалицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Елордадағы «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында сайлаушылармен экспромт-кездесу өтті.

«Үгіт-насихат жұмысына бүкіл ел бойынша 7,5 мыңнан астам белсенді қатысып жатыр. Парақшаларды тарату, плакаттарды жапсыру сынды түрлі форматтағы жұмысты жалғастырамыз. Соның ішінде осындай экспромт-кездесулер де бар», - деді Республикалық қоғамдық штаб мүшесі Нұржан Жетпісбаев.

Алматыда сайлаушылармен экспромт-кездесу «MEGA Park» сауда ойын-сауық орталығында өтті. Халықтық коалицияның белсенділері парақшалар таратып қана қоймай, қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.

Жақын арада «Есіктен есікке» акциясын өткізу жоспарланып отыр. Оның аясында Республикалық қоғамдық штаб мүшелері үй-үйді аралайды.

Дата публикации
26 октября 2022
Дата обновления
26 октября 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы