Меню

Страницы

Статья

Қарақат Әбден қарағандылық сайлаушылармен кездесті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - ҚР Президенттігіне үміткер Қарақат Әбден қарағандылықтармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарақат Әбденнің сайлауалды штабы ел аймақтарын аралап, үгіт-насихат

жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр.

24 қазан күні ҚР Президенттігіне үміткер Қарақат Әбден еліміздің индустриялық орталығы – Қарағанды қаласының сайлаушыларымен кездесу өткізді.

Қарағанды қаласының «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығында ұйымдастырылған кездесу барысында Қ.Әбден өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Кездесуге Қарағанды облысынан 100 жуық көпбалалы ана келді.

Тұрғындар отбасы құндылықтарына қатысты мәселелерді көтеріп, рухани, мәдени-әлеуметтік даму төңірегінде сұрақ қойып, нақты өтініштері мен ұсыныстарын айтты.

Қарақат Әбден өзі де көпбалалы ана ретінде қазақ отбасыларының мәселелерімен жақсы таныс екенін жеткізді.

Сайлауалды штабтың баспасөз қызметі мәлімдегендей, бұдан бұрын Қарақат Әбден Астана маңындағы Қосшы қаласы мен Қоянды ауылының тұрғындарымен кездескен.

Еске салсақ, кезектен тыс сайлау 20 қараша күні өтеді.

Дата публикации
26 октября 2022
Дата обновления
26 октября 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы