Меню

Страницы

Статья

Президент сайлауы: Мейрам Қажыкенді қолдайтын штаб ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Президенті сайлауына кандидат Мейрам Қажыкенді қолдау жөніндегі штаб жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«21 қазан күні сағат 18:00-де «ҚР Сайлау туралы» Заңға сәйкес ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкеннің штабы ашылды. Кандидаттың сайлауалды бағдарламасы қабылданып, үгіт-насихат жұмысының жоспары бекітілді. Үгіт-насихат жұмыстарына Мейрам Қажыкеннің өзі қатысады. Сондай-ақ үміткердің 138 сенімді адамы жұмыс істейді», - деді ҚР Президенті сайлауына кандидат М. Қажыкенді қолдау жөніндегі штаб жетекшісі Әбіл Кекілбаев.

Оның айтуынша, еліміздің 14 өңірінде үгіт-насихат штабы жұмыс істейді.

Еске салсақ, Мейрам Қажыкен «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» республикалық бірлестігі атынан Президенттікке кандидат ретінде тіркелді.

Дата публикации
22 октября 2022
Дата обновления
22 октября 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы