Меню

Страницы

Статья

Сайлау: Қарақат Әбденді қолдау штабы ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 18:00-де ҚР Президенттігіне кандидат Қарақат Әбденді қолдау жөніндегі штаб ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«ҚР Президенттігіне кандидат Қарақат Әбденді қолдау жөніндегі штаб жұмысын бастады. Алдымен ұйымдастыру комитетінің отырысын өткізіп, нақты тапсырмалар берілді. Еліміздің 20 өңірінде біздің штаб жұмысқа дайын. Үгіт-насихат материалдарын әзірлеу, басқа да тиісті дайындық жұмыстары жүргізілді. Астана қаласындағы орталық штабта 10-ға жуық адам жұмыс істейді», - деді штаб басшысының орынбасары Берік Төребеков.

Оның айтуынша, үгіт-насихат жұмысы еліміздің барлық өңірінде онлайн және офлайн форматта өтеді.

«Сондай-ақ кандидатты қолдауға арналған ресми сайт іске қосылды. Одан бөлек, әлеуметтік желілерде аккаунттар ашылды. Ол жерде штабтың іс-шаралары, сайлаушылармен кездесулер және үгіт-насихат материалдары орналастырылады», - дейді ол.

Еске салсақ, 7 қазанда «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі кезектен тыс президент сайлауына Қарақат Әбденнің кандидатурасын ұсынған болатын.

19 қазан күні ҚР Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауына Қарақат Әбденді кандидат ретінде ресми тіркеді.

Дата публикации
22 октября 2022
Дата обновления
22 октября 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы