Меню

Страницы

Статья

Президент сайлауы: Салтанат Тұрсынбекова кандидат ретінде ресми тіркелді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне үміткер Салтанат Тұрсынбековаға кандидат куәлігін тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Орталық сайлау комиссиясында ҚР Президенттігіне үміткер Салтанат Тұрсынбекованы тіркеу мәселесі қаралып, ОСК мүшелері үміткердің кандидатурасын қабылдау туралы шешім қабылдады.

«Орталық сайлау комиссиясының аппаратына Салтанат Пархатқызы Тұрсынбекованың ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркелгені туралы мәліметтерді Қазақстан Халық банкіне арнаулы шотты ашу үшін дереу жіберуді және кандидаттың тіркелгені турлы хабарды БАҚ-та жариялауды қамтамасыз етуді тапсырамын. Осылайша Орталық сайлау комиссиясы Салтанат Пархатқызы Тұрсынбекованы ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді», - деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

ОСК мәліметі бойынша, аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары ҚР Президенттігіне кандидатты қолдауға сенім білдірілген адамдар еліміздің 18 өңірінде 119316 азаматтың қолдарын жинағанын тіркеген. Оның ішінде 119316 қол тексерілді, 118 434 сенімді деп танылды.

 

Еске салсақ, ОСК Салтанат Тұрсынбекованың кандидатурасын мақұлдаған еді.

Дата публикации
21 октября 2022
Дата обновления
21 октября 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы