Меню

Страницы

Статья

Президент сайлауы: ОСК оппозициядан кандидат Нұрлан Әуесбаевті тіркеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы президенттікке алтыншы үміткерді тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында ҚР президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партия ұсынған Нұрлан Әуесбаевтің кандидатурасын тіркеу мәселесі қаралды.

ОСК мүшесі Сәбилә Мұстафинаның айтуынша, аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары ҚР президенттігіне кандидатты қолдауға сенім білдірілген адамдар Қазақстанның 15 өңірінен 120 908 азаматтың қолы жиналған.

«Олардың 120 908-і түгел тексеріліп, 119 197-сі рас деп танылды. Яғни қажетті қол толығымен қамтамасыз етілді», - деді ОСК мүшесі.

ОСК мүшелері үміткердің кандидатурасын қабылдау туралы бірауыздан шешім қабылдады.

«Орталық сайлау комиссиясының аппаратына Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаевтің ҚР президенттігіне кандидат ретінде тіркелгені туралы мәліметтерді Қазақстан Халық жинақ банкіне арнаулы уақытша шотты ашу үшін дереу жіберуді және кандидаттың тіркелгені туралы хабарды БАҚ-та жариялауды қамтамасыз етуді тапсырамын. Осылайша, Орталық сайлау комиссиясы Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаевті ҚР президенттігіне кандидат ретінде тіркеді», - деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Сондай-ақ бүгін Салтанат Тұрсынбекова да президент сайлауына кандидат ретінде ресми тіркелген болатын.

Дата публикации
21 октября 2022
Дата обновления
21 октября 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы