Меню

Страницы

Статья

C.П. Тұрсынбекованы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу мәселесі бойынша Ортсайлауком отырысы өтті

2022 жылғы 20 қазанда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Салтанат Пархатқызы Тұрсынбекованы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу мәселесі бойынша Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. 

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Ортсайлауком мүшесі Асылбек Смағұлов баяндама жасады. Ол 2022 жылғы 11 қазанда Орталық сайлау комиссиясына «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі С.П.Тұрсынбекованы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат етіп ұсыну туралы құжаттарды ұсынғанын хабарлады. Орталық сайлау комиссиясына кандидатты тіркеу үшін мынадай құжаттар ұсынылды: 

- Президенттікке кандидат С.П.Тұрсынбекованың активтері мен міндеттемелері жөнінде декларация тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы; 

- Президенттікке кандидат С.П.Тұрсынбекованың оны тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың жоқ екендігі туралы медициналық қорытындысы; 

- облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының аумақтық сайлау комиссияларының Президенттікке кандидат С.П.Тұрсынбекованы қолдап жиналған азаматтардың қолдарын тексеру нәтижелері туралы хаттамалары. 

Осы хаттамаларға сәйкес Президенттікке кандидат С.П.Тұрсынбекованың қолдауына Қазақстанның 18 өңірінен 119 316 азаматтың қолдары жиналды.  Тексеру нәтижесінде 118 434-і рас деп танылды, яғни қажетті саны қамтамасыз етілді, бұл сайлаушылардың жалпы санының кемінде 1% немесе 118 273-і. 

С.П.Тұрсынбекованы Президенттікке кандидат ретінде тіркеуге қажетті барлық құжаттар Орталық сайлау комиссиясына ұсынылды және оларға қойылатын талаптарға толық сәйкес келеді. 

ҚР ОСК қаулысымен Салтанат Пархатқызы Тұрсынбекова 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып тіркелді, оған тиісті куәлік берілді. 

Орталық сайлау комиссиясы отырысының қорытындылары бойынша С.П.Тұрсынбекованың бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өтті.

Дата публикации
20 октября 2022
Дата обновления
20 октября 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы