Меню

Страницы

Статья

Бұл мүмкіндікті көп күттім, сайлауалды бағдарламам дайын – Қарақат Әбден

АСТАНА. ҚазАқпарат – Президент сайлауына кандидат Қарақат Әбден БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Бүгін өмірімде маңызды қадам жасадым. Президенттікке кандидат ретінде тіркеліп, куәлік алдым. Осы орайда маған қолдау танытқан жандарға алғыс айтамын. Сондай-ақ, менің штабым және кәсіби әлеуметтік жұмысшылар бірлестігіне ризашылығым шексіз. Бүгінде сайлауалды бағдарламам дайын. Таяуда көпшілікке таныстырамын», - деді Қарақат Әбден ОСК-да өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, кандидат үгіт-насихат жұмысының дайындық барысына тоқталды.

«Иә, үгіт-насихатқа дайындалуға уақыт аз. Дегенмен заң бар. Саясаткер кез келген жағдайға дайын болуы тиіс. Еліміздің барлық өңірінде штаб жұмыс істейді. Барынша тырысамыз. Сайлауалды үгіт-насихат жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастырамыз, оған сенімдімін. Мен бұл мүмкіндікті көп күттім. Себебі мен алға қойып отырған мәселелер жоғары деңгейде қаралуы керек. Менің әйел кандидат ретінде тіркеліп, трибунада сөйлеп тұрғанымның өзі біраз дүниеден хабар береді. Елімізде гендерлік тепе-теңдік бар. Әрине, жеңіске ұмтыламын және өзіме сенімдімін», - дейді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай бүгін орталық сайлау комиссиясы Қарақат Әбденді президент сайлауына кандидат ретінде тіркеді.

Дата публикации
20 октября 2022
Дата обновления
20 октября 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы