Меню

Страницы

Статья

Құқық қорғаушы Әлтаев туралы: Сот дұрыс шешім қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Соттың «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігінің Нұржан Әлтаевті президенттікке кандидат етіп ұсыну туралы хаттамасын жарамсыз деп тануы дұрыс. Мұндай пікірді «Әділ сайлау үшін» штабының мүшесі, заңгер Ермек Әбдірасылов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Меніңше, сот дұрыс шешім қабылдады. Онда (сотта) қажетті барлық материал бар. Қоғамдық бірлестіктердің жиналысы қалай өтуі тиістігі, қанша адам қатысу керектігі, филал өкілдіктерінің қандай пайызы сол жиналысқа қатысуы қажеттігі жазылған жарғы бар. Мендегі ақпаратқа сәйкес, филиалдар ұсынған өкілдердің саны толық қатысқан жоқ. Ал жиналысқа кемінде 40 адам қатысуы тиіс еді. Бейнежазбадан не бәрі 17 адам қатысқаны анықталды. 11-і қарсы шығып, алтауы Әлтаевтың кандидатурасын ұсынуды жақтап дауыс берді. Демек, сот шешімімен заңнама талабы орындалып отыр», - деді заңгер.

Сонымен қатар ол қоғамдық бірлестіктер жарғыға сәйкес жиналыс өткізуі керектігін баса айтты.

«Егер олар айтқан фактілерге сай келмейтін мәліметтер ұсынатын болса, онда сот басқа қандай шешім шығаруы керек?! Меніңше, хаттама шындыққа сай келмейтіні анық. Сот заңды шешім қабылдады деп санаймын», - деді Ермек Әбдірасылов.

Еске салсақ, Орталық сайлау комиссиясы 7 қазан күні президенттікке үміткер ретінде ұсынылған Нұржан Әлтаевтің құжаттары бұрмалану фактісіне тексеріліп жатқанын мәлім еткен еді.

Ал 12 қазанда «Мұқалмас» бірлестігі Нұржан Әлтаевтың сайлауға түсуіне қарсылық білдіріп сотқа жүгінгені хабарланды.

Бүгін Астана соты «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігі отырысының Нұржан Әлтаевті президенттік кандидат етіп ұсыну туралы хаттамасын жарамсыз деп тану туралы талапты қанағаттандырды.

Дата публикации
18 октября 2022
Дата обновления
18 октября 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы