Меню

Страницы

Статья

Қандай жағдайда сайлау жарнасы кандидаттарға кері қайтарылады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафина сайлау жарнасы кандидатқа қандай жағдайда қайтарылатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңында қандай жағдайда сайлау жарнасы қайтарылатыны көрсетілген. Біріншіден, егер кандидат жеңіске жетсе оның жарнасы қайтарылады. Екінші жағдай – үміткер сайлаушылардың 5 пайыздан кем емес дауысын жинауы тиіс. Сонымен қатар, кандидат қайтыс болған жағдайда сайлау жарнасы оның отбасына қайтарылады», - деп түсіндірді Сабила Мұстафина.

Спикердің айтуынша, аталған талаптан басқа жағдайларда кандидаттың сайлау жарнасы мемлекеттік қазынада қалады.

Бүгінгі таңда сайлау жарнасының мөлшері - 3 миллион теңге.

Еске салайық, бүгін Орталық сайлау комиссиясы соңғы болып құжат тапсырған үміткерлердің бірі Бақыт Жаңабаевтың кандидатурасы барлық талаптарға сай екенін мәлімдеді.

Дата публикации
14 октября 2022
Дата обновления
14 октября 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы