Меню

Страницы

Статья

Президент сайлауы: Бақыт Жаңабаев мемлекеттік тілден емтихан тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Соңғы сәттерде құжат тапсырған ҚР Президенттігіне кандидат Бақыт Жаңабаев бүгін мемлекеттік тілден емтихан тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Бақыт Жаңабаев әр тапсырма бойынша тақырыптарды өзі таңдады. Бірінші, жазба тапсырмада «Экология – бүгіннің басты мәселесі», екінші, ауызша оқу тапсырмасында Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» шығармасынан үзінді оқыды. Үшінші, жұрт алдында сөйлеу тапсырмасы «Бабалар аманаты» тақырыбына өз ойын білдірді. Нәтижесі бойынша ойын еркін жеткізе алады, мәтін мазмұнын түсінікті жеткізді, тақырып идеясы ашылды. Бірақ емле қателері болды. Осыған сәйкес, лингвистикалық комисссия Бақыт Жаңабаевтың мемлекеттік тілді меңгергенін дауысқа салғанда, комиссияның 1 мүшесі қалыс қалды, 5 мүшесі қолдады. Нәтижесінде ҚР Президенттігіне кандидат Бақыт Жаңабаев мемлекеттік тілді меңгерген делінген қорытынды жасалды», - деп емтихан қорытындысын жариялады лингвистикалық комиссияның төрағасы Әділ Ахметов.

Еске салайық, Бақыт Жаңабаев үміткерлерді тіркеудің соңғы сәтінде құжат тапсырған болатын. Оның кандидатурасын «Қазақстан әуесқой футболшыларының» қоғамдық бірлестігі ұсынған.

Дата публикации
14 октября 2022
Дата обновления
14 октября 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы