Меню

Страницы

Статья

Сайлау: ОСК Мейрам Қажыкен мемлекеттік тілді еркін меңгерген деген шешім қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясының лингвистика комиссиясы ҚР президенттігіне «Аманат» кәсіподақтар достастығынан кандидат Мейрам Қажыкен «мемлекеттік тілді еркін меңгерген» деген шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

ҚР Орталық сайлау комиссиясында Мейрам Зекешұлы Қажыкеннің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау бойынша лингвистика комиссиясының отырысы өтті.

Лингвистика емтиханы барлық үш кезең бойынша өтті. Атап айтсақ, тақырыпқа сай жазбаша тапсырма орындау, мәтін оқу және кандидат таңдаған тақырып бойынша көпшілік алдында кемінде он бес минут сөз сөйлеу сынағын тапсырды.

«Емтихан аяқталған соң комиссия талқылау өткізіп, қорытындылады. Отырыстың қорытындысын лингвистика комиссиясының төрағасы, филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Құрманжанұлы Ахметов баяндады.

Кандидаттың жазба жұмысы «Қазіргі заманғы жаһандық мәселелер» тақырыбында болды. Жазба жұмысы мазмұны, стилі, емлесі, тыныс белгілері бойынша бағаланды. Кандидат берілген уақытты толық пайдаланды.

Екінші тапсырма бойынша Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясынан үзіндіні оқыды. Үшінші тапсырма бойынша «Ырыс алды – ынтымақ» тақырыбына өз ойын 15 минут көлемінде баяндады.

Емтихан қорытындысы бойынша лингвистика комиссиясы Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Мейрам Зекешұлы Қажыкеннің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі туралы ашық дауыспен шешім қабылдады», -деп жазады ОСК ресми сайты.

Еске салайық, М.Қажыкен бүгін ОСК-да емтихан тапсырып жатқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ бүгін Орталық сайлау комиссиясы халықтық коалиция атынан президенттікке ұсынылған Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын талаптарға сай деп шешім қабылдады. Сонымен қатар Қ.Тоқаев лингвистика комиссиясында неліктен емтихан тапсырмайтынын түсіндірді.

Дата публикации
13 октября 2022
Дата обновления
13 октября 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы