Меню

Страницы

Статья

«Мұқалмас» бірлестігі Нұржан Әлтаевтың сайлауға түсуіне қарсылық білдіріп сотқа жүгінді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауына үміткер Нұржан Әлтаевты кандидат ретінде тіркеуді тоқтату жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Кандидат Нұржан Бауыржанұлы Әлтаевтың ҚР Конституциясында және ҚР сайлау туралы заңда қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтауды тоқтата тұру жөнінде шешім қабылдадық», - деді орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Сондай-ақ, отырыс барысында аталған шешімге түсінік берілді.

Сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісовтың айтуынша, Нұржан Әлтаевты «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігі ҚР Президенті сайлауына кандидат ретінде ұсынып отыр.

«Біз кандидат тапсырған құжаттарды құзырлы органдарға жіберіп сәйкестігін анықтадық. Кеше Астана қалалық соты бізге Н. Әлтаевты кандидат ретінде қабылдау туралы хаттаманы уақытша тоқтату туралы ұйғарымын ұсынды. Сол себептен орталық сайлау комиссиясы Нұржан Әлтаевты кандидат ретінде тіркеуді уақытша тоқтата тұрады», - деді орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов.

Еске салсақ, 7 қазанда Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде Нұржан Әлтаев ОСК-ға құжаттарын тапсырған еді.

Алайда, орталық сайлау комиссиясы үміткерді ұсыну туралы хаттаманың бұрмалану фактісіне тексеріліп жатқанын хабарлады.

Сондай-ақ, 11 қазан күнгі лингвистикалық комиссия шешіміне сәйкес Нұржан Әлтаев мемлекеттік тілді еркін меңгерген.

Дата публикации
13 октября 2022
Дата обновления
13 октября 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы