Меню

Страницы

Статья

ҚазАқпарат сайтынан президенттікке кандидаттарға интернет-алаң беру шарттары

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ 2022 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысатын Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарға «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің www.inform.kz сайтында интернет-алаңдарын ұсынудың жалпы шарттарын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

«Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ – www.inform.kz сайты бар (бұдан әрі - Сайт) «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің иесі, 28.09.1995 жылғы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес сайлау алдындағы үгіт материалдарын (бұдан әрі-Үгіт материалдары) орналастыру үшін Сайтта интернет-алаңдарды ұсынудың төлем мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы хабарлайды.

Сайлау алдындағы үгіт Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады, осылайша, үгіт материалдарын Сайтқа орналастыру 2022 жылғы 21 қазан сағат 18.00-ден 2022 жылғы 19 қараша сағат 00.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Сайт интернет-алаңды жазбаша өтініш пен Сайт иесі мен Кандидат арасында не кандидаттың уәкілетті өкілімен жасалатын шарт негізінде ұсынады. Үгіт материалдарының саны мен орналастыру кезеңі Кандидаттың не оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, содан кейін олар шарттың талаптарымен бекітіледі.

Өтініш Кандидаттардың өтініштерін тіркеу журналында кезектілік тәртібімен әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмірі мен келіп түскен күнін беру арқылы тіркеледі.

Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:

1) Кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

2) Кандидат өкілінің өкілеттігін растайтын құжат көшірмесі;

3) өтініш беруші тұлға, жеке куәлігінің көшірмесі;

4) шарт жасасу үшін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар.

Кандидаттардың үгіт материалдарын Сайтта орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің түсу тәртібімен, не егер өтініштер бір мезгілде келіп түскен жағдайда жеребе бойынша белгіленеді. Жеребе өткізу тәртібі мен шарттарын Сайт айқындайды.

Үгіт материалдарына қойылатын талаптар тарифтерге қосымшада көрсетілген. Үгіт материалдарында олардың төленгені, қаржыландыру көздері туралы көрнекі ақпарат болуға тиіс.

Үгіт материалдарын ұсынған кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарына, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы талаптарға сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.

Сайттың меншік иесі үгіт материалдарын, егер оларда республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды қоздыру, заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құралымдар құру идеялары болса, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда орналастырудан бас тартуға құқылы.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген интернет-алаңдарды беру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

Кандидаттардың не олардың уәкілетті өкілдерінің үгіт материалдарын «ҚазАқапарат» халықаралық ақпарат агенттігінің сайтында орналастыру

1. www.inform.kz сайтында орналастыру

№

Қызметтер атауы

Сипаттама

Өлшем

бірлігі

ҚҚС есепке алғанда құны, теңге

1

ақпараттық хабарламаларды, пресс-релиздерді бір тілде орналастыру (қаз., орыс, ағылш.)

Көлемі 2500 таңбаға дейін, 4 фотосуретке дейін

Мақалаға арналған фотосуреттердің өлшемі-858х571 пиксель

Сыйымдылық/ сапа-кем дегенде 72px

қызмет

90 000

2

Үгіт мақаласын бір тілде орналастыру (қаз., орыс., ағылш.)

Көлемі 5000 таңбаға дейінгі, бос орындары бар мақала, 4 фотосуретке дейін,

Әрбір қосымша белгі үшін 25 теңге

Мақалаға арналған фотосуреттердің өлшемі-858х571 пиксель

Сыйымдылық/ сапа-кем дегенде 72px

қызмет

396 000

3

Лонгридті бір тілде орналастыру (каз., орыс., ағылш.)

Көлемі бос орындары бар 10 000 таңбаға дейін, 10 фотосуретке дейін,

Әрбір қосымша белгі үшін 25 теңге

Мақалаға арналған фотосуреттердің өлшемі-858х571 пиксель

Сыйымдылық/ сапа-кем дегенде 72px

қызмет

554 400

4

Үгіт мақаласын/ пресс-релизін/лонгридті дайындау

(бір тілде

(қаз., орыс., ағылш.)

Бос орындары бар 10 000 таңба, әр белгі үшін 25 теңге

қызмет

140 000

Көлемі 5000 таңбаға дейін, 5000 таңбадан бастап әрбір қосымша белгі үшін 25 теңге

қызмет

100 000

Бос орындармен көлемі 2500 белгіге дейін

60 000

5

Пресс – релиз/ үгіт-насихат мақаласының ішінде бейне-роликті орналастыру

Ұзақтығы 10 минуттан

артық емес

техникалық талаптар:

1. h264 high bitrate кодегі

2. frame rate 25-60 fps (50-60hz) HD720p, Full HD 1080p

3. Field Order Progressive

4. Encoding settings Main, Level 4.1

5. Bitrate Setting – Encoding VBR 1-2 Pass, Target 10Mbps

6. Берілген бейне сапасына сәйкес файл өлшемі

қызмет

36 000

6

Бейне-роликті «Бейне» бөлімінде орналастыру

Ұзақтығы 10 минуттан

артық емес

техникалық талаптар:

1. h264 high bitrate кодегі

2. frame rate 25-60 fps (50-60hz) HD720p, Full HD 1080p

3. Field Order Progressive

4. Encoding settings Main, Level 4.1

5. Bitrate Setting – Encoding VBR 1-2 Pass, Target 10Mbps

6. Берілген бейне сапасына сәйкес файл өлшемі

қызмет

120 000

7

Мақаланы жаңалықтар арнасында бірінші орынға қызыл шрифтпен бекіту.

PR-мақалалар / ақпараттық хабарламалар, пресс-релиздер/

4 сағат + 2 сағат бонус сатып алған кезде сұхбат/лонгридтер

2 сағат

+ 25 %

8

«А» блогында материал орналастыру

+ 50 %

9

Фоторепортаж

3 600 таңбаға дейін материалды дайындау және орналастыру,

12 фото (800*400 пиксельден аспайды)

қызмет

300 000

10

Сұхбат

Сұхбатты басты бетке дайындау және орналастыру

қызмет

450 000

Дайын сұхбатты басты бетке орналастыру

қызмет

350 000

11

Инфографикаларды орналастыру

«Инфографика» бөліміне жылжыту арқылы жаңалықтар арнасына орналастыру. Сиымдылық: ені 980 пиксель, биіктігі шектелмейді.

қызмет

110000

2. www.inform.kz сайтына баннерлік жарнама орналастыру

Блок

Қызметтер атауы

Сипаттама

Ед. измерения

Стоимость с учетом НДС, тенге

Б1

Беттің жоғарғы бөлігіндегі баннер (сол жақта)

400 х 100 пиксель

тәулік

200 000

Б2

Беттің жоғарғы бөлігіндегі Баннер (ортасы)

400 х 100 пиксель

тәулік

200 000

Б3

Беттің ортаңғы бөлігіндегі баннер (сол жақта)

400 х 100 пиксель

тәулік

150 000

Б4

Беттің ортаңғы бөлігіндегі баннер (ортасы)

400 х 100 пиксель

тәулік

150 000

Б5

Беттің төменгі бөлігіндегі баннер (сол жақта)

400 х 100 пиксель

тәулік

100 000

Б6

Беттің төменгі бөлігіндегі баннер (орта)

400 х 100 пиксель

тәулік

100 000

Б7

Беттің жоғарғы бөлігіндегі баннер (оң жақта)

420 х 100 пиксель

тәулік

200 000

Б8

Беттің ортаңғы бөлігіндегі баннер (оң жақта)

420 х 100 пиксель

тәулік

150 000

Б9

Беттің төменгі бөлігіндегі баннер (оң жақта)

420 х 100 пиксель

тәулік

100 000

Б10

Мақала бетіндегі баннер

420 х 100 пиксель

тәулік

100 000

Б11

Беттің жоғарғы бөлігіндегі баннер (ортасы) (Б1+Б2)

860*100 пиксель

тәулік

400 000

Б12

Беттің ортаңғы бөлігіндегі баннер (ортасы) (Б3+Б4)

860*100 пиксель

тәулік

300 000

Б13

Беттің төменгі бөлігіндегі баннер (ортасы) (Б5+Б6)

860*100 пиксель

тәулік

200 000

Б14

Қалқымалы баннер

до 370*210 пиксель

тәулік

200 000

Б15

Full screen

до 1300*700 пикселей

тәулік

500 000

Баннерді әзірлеу

Тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігін ескере отырып баннер әзірлеу

қызмет

150 000

Баннерді әзірлеу

БАҚ-тың әр түрлі форматтарына бейімделу мүмкіндігі бар баннерді әзірлеу

қызмет

300000

             

3.ҚазАқпараттың әлеуметтік желілерінде орналастыру

Размещение

Социальные сети

Формат

Характеристика

Стоимость, тенге (с учетом НДС)

Материалды әлеуметтік желілерде жариялау

Facebook

1 пост

Мәтін бос орындары бар 1000 таңбаға дейін, әрбір қосымша белгі үшін 25 теңге.

Техникалық талаптар:

Сурет:

Өлшемі: 1 080 x 1 350 пиксель

пішім: JPEG, PNG

Бейне:

Өлшемі: 16:9, 1:1, 4:5, 2:3, 9:16

Салмағы: 500 мб артық емес

25 000

Instagram

1 пост

Мәтін бос орындары бар 1000 таңбаға дейін, әрбір қосымша белгі үшін 25 теңге.

Техникалық талаптар:

Instagram Reels үшін бейне пішімі

Ұзақтығы: 60 секундқа дейін

Бағдар: портрет (толық экран)

Жақтар теңгерімділігі мен сыйымдылығы: 9:16 - Ұсынылған сыйымдылық 1080 x 1920

Файл өлшемі: 200 мб-тан аспайды

Instagram лентасындағы сурет

Пішім: көлденең сурет — 4:5, шаршы-1: 1.

Сыйымдылық: сурет – 1080×1350 пиксель, шаршы-1080×1080 пиксель.

Саны: бір постта 10 фотосуретке дейін.

Instagram лентасындағы бейне форматы

Ұзақтығы: 3 секундтан 1 минутқа дейін

Бағдар: портреттік және альбомдық

Жақтар теңгерімділігі мен сыйымдылығы: 1.91:1 — 1080 x 608; 4:5 — 1080 x 1350

Файл өлшемі: 500 мб-тан аспайды

Пішім: MP4 және MOV

Instagram-дағы storis үшін бейне формат

Ұзақтығы: 15 секунд

Бағдар: портреттік ұсынылады

Жақтар теңгерімділігі мен сыйымдылығы: 9: 16-мин. 600 x 1067 сыйымдылық, ұсынылған-1080 x 1920

Файл өлшемі: 200 мб аспайды

25 000

Telegram

1 пост

Мәтін: бос орындары бар 1000 таңбаға дейін, әрбір қосымша белгі үшін 25 теңге.

Техникалық талаптар:

Бейне

Пішім: 1080 x 720 немесе 720 x1 080, 480 x 320 немесе 320 x 480 пиксель.

Сапасы-1080, 4К

Файл өлшемі: 500 мб-тан аспайды

Сурет:

Өлшемі: 4: 5

Пішім: JPEG, PNG

30 000

Жазбаша өтініштерді Сайт иесі 2022 жылғы 18 қазаннан бастап 2022 жылғы 15 қарашаны қоса алғанда, демалыс және мереке күндерінен басқа, Астана қаласы, Ақмешіт көшесі 3, PARKLINE БО, 2 қабат, 206 кеңсе мекенжайы бойынша сағат 10:00 минуттан сағат 18:00 минутқа дейін қабылдайды, телефондары: 8 (7172) 95 40 59.

Факсимильді және интернет байланысы арқылы жазбаша өтініштер қабылданбайды.

Дата публикации
12 октября 2022
Дата обновления
12 октября 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы