Меню

Страницы

Статья

Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке кандидатурасы талапқа сай келеді - ОСК

АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке кандидатурасын талаптарға сай деп шешті. Бұл туралы ҚР ОСК хатшысы Мұхтар Ерман комиссияның отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Сөз басында комиссия хатшысы Қасым-Жомарт Тоаевтың кандидатурасын ҚР президенттігіне бірнеше саяси партия мен қоғамдық ұйым ұсынғанын еске салып, комиссия қарауына аталған үміткердің атынан қандай құжаттар тапсырылғанын мәлім етті.

«ҚР президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ҚР Конституциясында және ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы хаттамаға қол қойылды. Осылайша Орталық сайлау комиссиясы республика президенттігіне кандидат Қасым Жомарт Тоқаевтың Конституцияда және ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңда оған қойылатын талаптарға сәйкес екендігін анықтады», - деді Мұхтар Ерман.

Айта кетейік, бүгін таңертең Орталық сайлау комиссиясында «Аманат» кәсіподақтар достастығынан президент сайлауына үміткер Мейрам Қажыкеннің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау бойынша емтихан басталды.

Өзге кандидаттар туралы мәліметті мына сілтеме ден оқуға болады.

 
Дата публикации
11 октября 2022
Дата обновления
11 октября 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы