Меню

Страницы

Статья

«Ауыл» партиясынан президенттікке үміткер Жигули Дайрабаев лингвистика емтиханынан өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР президенттігіне «Ауыл» халықтық-демократиляқ патриоттық партиясының атынан ұсынылған үміткер Жигули Дайрабаев мемлекеттік тіл емтиханын сәтті тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Жигули Дайрабаевтың шығарма тақырыбы «Менің елім, менің жерім» деп аталды.

Екінші - мәнерлеп оқудан Абай өлеңдерін оқыды.

Үшінші - еркін тақырыпта немесе «шаршы сөзде» «Күшіміз - бірлікте» деген тақырыпты алды. Шығармасын жаза алды, ойын жеткізді. Абай өлеңдерін мәнерлеп оқыды. «Күшіміз бірлікте» тақырыбында ойын еркін жеткізе алды. Комиссия «Жигули Дайрабаев мырза мемлекеттік тілді еркін меңгерген» деген қорытынды жасады», - деді лингвистика комиссиясының мүшесі Дихан Қамзабек.

Еске салайық, бүгін ОСК халық коалициясы ұсынған Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР президенттігіне кандидатурасын барлық талаптарға сай деп шешті. Қ.Тоқаев лингвистика емтиханын неліктен тапсырмайтыны түсіндірілді.

Сондай-ақ «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» республикалық бірлестігі ұсынған Мейрам Қажыкеннің кандидатурасы талаптарға сай деген қорытынды жасалды. М.Қажыкен лингвистика емтиханынан сәтті өтті.

Бұдан бөлек, «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер Ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінен ұсынылған кандидат Қарақат Әбден ОСК-ға құжаттарын тапсырды.

Дата публикации
11 октября 2022
Дата обновления
11 октября 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы