Меню

Страницы

Статья

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына Польша  азаматшасы Балли Мажец Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде сайлауға түсу ниетін білдіріп, бірнеше рет жүгінуде.

Осыған байланысты Польша азаматшасына Республика Президенттігіне кандидатқа Конституциямен және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңмен қойылатын талаптар бөлігі бойынша қолданыстағы заңнама нормаларына түсініктеме берілді.

Орталық сайлау комиссиясы Республика Конституциясының 41-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын және жоғары білімі бар Республика азаматы сайлана алатынын хабарлайды.

Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 54-бабының 1-тармағына сәйкес, Президент болып сайлану үшiн мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жылды құрайтын жұмыс тәжірибесі болуға, сондай-ақ белсендi сайлау құқығына ие болуға тиiс екенін хабарлайды.

 

 

Қазақстан Республикасының 

 

Орталық сайлау комиссиясы 

 

https://t.me/electionelection

Дата публикации
07 октября 2022
Дата обновления
07 октября 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы