Мерзімінен бұрын әкімдік өкілеттіктерін аяқтаған
Чапай ауылы әкімінің сайлауын тағайындау туралы
қаулысы
Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14, 113-1 бабтарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Мерзімінен бұрын әкімдік өкілеттіктерін аяқтаған Чапаев ауылы әкімінің сайлауы 2022 жылдың 25 қыркүйегіне тағайындалсын.
- Осы қаулыда көрсетілген қосымшаға сәйкес 2022 жылдың 25 қыркүйегіне тағайындалған Чапай ауылы әкімінің сайлауын әзірлеу және өткізу туралы негізгі іс–шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- «Жақсы жаршысы» аудандық газеті мен Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет парақшасында осы қаулы жариялансын.
Сайлау комиссиясының
төрайымы Р.Тлепова
Сайлау комиссиясының
хатшысы М.Төлеубай