Діннің адамзат баласының өмірінде алатын орны айрықша. Әлемде сан мыңдаған діни сенім-наным, конфессия, дәстүрлі және әлемдік дін бар. Олардың пайда болуы, қоғамға ықпалы, ішкі канондары, өзара қарым-қатынасы, әлемдік және жергілікті саясатқа ықпалы, өзгелер тарапынан мойындалуы немесе танылуы бір-бірінен әрқилы және өзіндік айтарлықтай ерекшеліктері бар. Діннің адамды жақсылыққа, ізгілікке, бауырмалдыққа тәрбиелейтін тұстары өте көп. Алайда діннің канондарын өзінің теріс мақсатына пайдаланып, сананы теріс манипуляциялау арқылы елді, қоғамды адастыруға тырысатын және іс жүзінде үлкен зорлық-зомбылық жасауға дейін жеткізетін топтар немесе жекелеген адамдар бар. Біз де бүгінгі мақаламызда осы жайлы, яғни діни радикализм себептері мен оның қоғамға зияны туралы қысқаша баяндайтын боламыз.
Діни радикализмнің себептері, қазіргі әлемде діни радикализмнің пайда болу себептері көп. Сондай-ақ мақсатты насихат және қаржыландыру маңызды рөл атқарады. Алайда, бұған қоса, басқа да бірқатар факторлар бар. Бұл процесс әсіресе өткір әлеуметтік қайшылықтар, экономикалық проблемалар бар, мәдени және дүниетанымдық баламалар жоқ аймақтарда қарқынды жүріп жатыр. Олардың бірнеше факторына тоқталып кеткен дұрыс:
Біріншіден, әлеуметтік әділетсіздік те діни радикализмнің дамуына ықпал етеді. Бюрократиялық озбырлық, жемқорлық, парақорлық, әділетсіздіктер азаматтардың құқықтарының бұзылуы және басқа да осындай факторлар бұл процесті саяси бағытқа аудару үшін әртүрлі секталардың өкілдері қолданатын жаппай наразылыққа әкеледі.
Екіншіден, психологиялық проблемалар адамдардың радикалды діни ұйымдарға араласуының себептерінің бірі болып табылады. Олар көбінесе отбасылар мен қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік мәселелермен байланысты. Бұл проблемалар, сондай-ақ адамның оларды шеше алмауы ашуланшақтық пен кемшілік кешендеріне әкеледі. Мұндай психологиялық жағдайда адамдар радикалдарды насихаттауға бейім болады.
Тағы бір фактор әлемдік интеграциялық үдерістерге әлсіз тартылу болып табылады. Мұсылман халқы тұратын әлемнің көптеген аймақтарында дәстүрлі патриархалды өмір салты сақталады, халық көбінесе дәстүрлі өмір сүреді. Бұл фактор радикалды секталардың қолында ойнайды, олардың бәрі өсіру алаңы болып табылады, өйткені олардың діни тұжырымдамалары негізінен консерватизмге негізделген.
Жұмыссыздық пен кедейлік радикалды топтарды насихаттаудың сәтті болуына ықпал етеді. Әлеуметтік тұрақсыз жастар дінді қазіргі әлеуметтік проблемаларға қарсы наразылық құралы ретінде қарастырады.
Мемлекеттің өзінің тұрақты идеологиясы мен құндылықтарын құра алмауы радикалды діни топтарға идеологиялық деңгейде қарсы тұруға мүмкіндік бермейді. Негізінен мұның бәрі жазалау және тыйым салу шараларына байланысты. Бірақ бұл экстремистерге сәтті қарсы тұру үшін жеткіліксіз деп білемін.
Ал, енді діни радикализмнің қауіптеріне тоқталсақ. Ол үшін Радикализм анықтамасын беру керек. Радикализм термині(лат. radіx – түбір) – түріндегі математикалық таңба. Радикал арқылы түбірден шығару амалы, сондай-ақ түбір табудың нәтижесі (мысалы, түріндегі сан) белгіленеді немесе «Барлық саладағы түбегейлі өзгеріспен қоса, қолданыстағы құрылымнан толығымен бас тартуға насихаттау» деген мағынаны береді.
Қазіргі таңда бұл сөз қазақ тіліне еніп кетті. Радикал – сөзін қазақ тіліндегі негізі ұғымы ретінде «белсенді» деп аударуға негіз бар. Ал, діни тұрғыдан алғанымызда радикализм, «діндар» немесе «діншіл» деген сөздердің мағынасы. Кей жағдайларда радикализмге «дін» сөзін қосып «экстремизм» және «терроризм» сынды терминдердің тіркесі ретінде қолданысқа еніп кетті. Радикализм экстремизм мен терроризмге апарар жолдардың бірі ғана. Радикал тек діни ұғым ғана емес. Радикал ұлтшыл, радикал футболшы, радикал саясаттанушы және радикал діндар деген сөз тіркестерімен бірге қолданғанда, сол салаға көп көңіл бөлген адамға қарай айтылатынын байқаймыз.
ХІХ ғасырда радикализм либералды, антиклерикал, демократияны қорғаушы және прогрессивті саяси ұстанымды анықтай отырып, радикалды әсіре діншілдік сынды анти-либерализм, фундаментализм, антидемократиялық және реакциялық болып қалыптасты. Сонымен қатар, радикализмде зорлық-зомбылық бар ма, жоқ па? Осыны анықтауымыз қажет. Әсіресе Батыс елдерінде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында, зорлық-зомбылыққа жүгінбеген (радикалистер) белсенділердің іс-әрекеті, небәрі бір ғасыр ішінде бұл сөздің ұғымының мазмұны түбегейлі өзгеріп кетті.
Адамзат баласы сан ғасырлар бойы діни радикализмнен зияндық шегіп келеді. Діннің радикалды сипатқа ие болуы ол діннің түріне, атына байланысты емес. Сол дінді өзінің саяси, экономикалық, әлеуметтік сипаттағы жымысқы мақсатына пайдалануды көздейтін жекелеген топтар мен адамдарға байланысты. Діни пайымдар мен шарттарды радикалды мақсатта пайдаланудың соңы экстремизм мен терроризмге ұласып жататынын әлемдік жағдай көрсетіп келеді.
Жалпы, әлемдік өркениеттер ұзақ жылдар бойы қалыптасқан өмірлік құндылықтар мен тарихи оқиғалар аясында түзіледі. Ғасырлар бойы бір жерде қалыптасқан рухани құндылықтар, салт-сана, көзқарастың оңайлықпен өзгеріске түспейтіні айқын, өзгеріс болған күннің өзінде белгілі бір деңгейде рухани және қарулы қақтығыстардың орын алуына әкеліп соғуы әбден мүмкін. Өйткені үйреніскен, қалыптасқан құндылықтардың адам санасынан, қоғамдық өмірден оңайлықпен ажырамайтыны жасырын емес.
Діни радикализм қоғам арасында жат идеологияны таратып, алауыздық тудырса, оларды топ-топқа бөліп, қоғамның берекесін қашырса, еліміздің ішкі діни ахуалының тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне үлкен қатер төнуі мүмкін. Халық арасында «Адасқанның айыбы жоқ, қайтіп үйірін тапқан соң» деген сөз бар. Діни радикализмнің емі – діни және зайырлы құқықтық сауаттылық. Осыған орай, дерадикализациялау іс-шарасы қазіргі азаматтық қоғамда өзекті тақырыпқа айналып отыр. Айтылған мәселелерді шешудің оңтайлы жолдарын табу үшін мемлекет пен азаматтар дәстүрлі рухани құндылықтарды, төл мәдениетті, салт-дәстүрді, ұлттық дүниетанымды жаңғырта отырып, радикализмнің кез келген түрлері мен бой көрсетулеріне қарсы біртұтас шеп құру – уақыт талабы. Қоғамның қозғаушы күштерінің бірі болып есептелетін діннің адам мен адам, адам мен қоғам арасындағы қарым-қатынаста өзіндік орны бар. Жақсы қасиетімізді ұштап, ұлттық құндылықтарымызға қайшы келетін, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімге, мемлекеттің тұтастығына кері әсер ететін, елдігіміздің шырқын бұзатын діни радикализм сияқты қасіреттен сақ болу – әрбір азаматтың абыройлы борышы.
Қорыта келгенде, радикалды діни идеялар қоғамдағы тыныштықты бұзатыны әлдеқашан дәлелденген. Ғылым мен білім салтанат құрған ХХІ ғасырда дінді ақылмен, байыппен және қазіргі заманның қалыптасқан шарттарымен қатар ұстанбаса радикалды көңіл-күйге әкеліп соғатыны анық.
Сондықтан сөз соңында мақаланы әйгілі ғалым Мырзатай Жолдасбековтың мақаласында айтылғандай «Дініңді ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің» деген оймен аяқтағым келіп отыр.
Хабзат Қасенұлы БАУЖАНОВ,
Ақмола облысы Дін істері басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ Ақпараттық-насихат бөлімінің Зеренді ауданы бойынша теолог маманы, тарих магистрі