2022 жылдың 16 тамызында Жақсы ауданы
Жаңақима ауылдық округінің әкіміне үміткерлерді
тіркеу туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес алынған құжаттарды қарап, Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Жақсы ауданы Жаңақима ауылдық округі әкіміне кандидаттар ретінде тіркелу туралы шешім қабылдады:
«AMANAT» партиясынан – Серікбаев Ерлан Әшімұлы, Жақсы ауданы Беловод ауылының тұрғыны, «Жақсы ауданы Чапай ауылы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі;
Кантарбаева Алтынай Сайлауовна - өзін-өзі ұсынды, Жақсы ауданы Жақсы ауылының тұрғыны, «Жақсы ауданы Жақсы ауылы әкімі аппараты» ММ-нің бас маманы;
Балацкая Татьяна Васильевна - өзін-өзі ұсынды, Жақсы ауданы Жақсы ауылының тұрғыны, «Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімі аппараты» ММ-нің мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы.