Мерзімінен бұрын әкімдік өкілеттіктерін аяқтаған
Жаңақима ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
қаулысы
Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14, 113-1 бабтарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Мерзімінен бұрын әкімдік өкілеттіктерін аяқтаған Жаңақима ауылдық округі әкімінің сайлауы 2022 жылдың 28 тамызына тағайындалсын.
- Осы қаулыда көрсетілген қосымшаға сәйкес 2022 жылдың 28 тамызына тағайындалған Жаңақима ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу және өткізу туралы негізгі іс–шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- «Жақсы жаршысы» аудандық газеті мен Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет парақшасында осы қаулы жариялансын.
Сайлау комиссиясының
төрайымы Р.Тлепова