Меню

Страницы

Статья

Дайын құжаттарды үйге жеткізу сервисі іске қосылды

Енді дайын құжаттарды алу үшін халыққа қызмет көрсету бөлімдеріне жүгіну міндетті емес.

Қалалық халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде дайын құжаттарды клиенттің үйіне немесе жұмысына дейін жеткізу қызметі іске қосылды. Оның ішінде 150-ге жуық мемлекеттік қызмет, атап айтқанда: жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу, жер учаскелеріне актілер, білім туралы құжаттарды апостильдеу, мұрағаттық анықтамалар, әскери билеттердің телнұсқаларын беру және басқалар бар.

Құжаттар дайын болғаннан кейін клиенттің телефон нөміріне SMS-хабарлама келіп түседі. Хабарламадағы сілтеме арқылы өтінімді толтырса жеткілікті. Құжатты жеткізу мерзімі -  1 жұмыс күні. Қызмет ақылы болып табылады, қала бойынша жеткізу құны – 970 теңге.

Біз клиенттер үшін мемлекеттік қызметтерді алу кезінде барынша қолайлы жағдай жасауға тырысамыз. Бүгінде дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервисті енгізудеміз. Бұл біздің клиенттеріміздің мемлекеттік қызметтерді алу үшін жұмсайтын қаражаты мен уақытын айтарлықтай үнемдейді.

Дата публикации
29 июня 2022
Дата обновления
29 июня 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы