2022 жылдың 5 маусымына жоспарланған
республикалық референдумға
қатысушыларға арналған семинар
Ағымдағы жылдың 24 мамырында аудандық референдум комиссиясы 2022 жылғы 5 маусымға белгіленген республикалық референдумға қатысушыларға оқыту семинарын өткізді.
Семинарға референдум өткізу жөніндегі учаскелік комиссиялардың төрағалары, төраға орынбасарлары, хатшылары, аудандық «Жақсы жаршысы» газетінің өкілдері, Жастар ресурстық орталығының мамандары қатысты.
Семинар барысында алдағы республикалық референдум, «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы, дайындық және өткізу процесінің ерекшеліктері, қаржыландыру, сайлауалды ағарту мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді, және басқа да ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Семинарға қатысушылар референдумды дайындау және өткізу процесінің ерекшеліктеріне қатысты сұрақтарына жауап алды.
Сонымен қатар, семинарда мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау, үйде дауыс беру, сырттай куәлігін беру мәселелері көтерілді.
Семинарға барлығы 78 адам қатысты.