Шетелде жүрген қазақстандықтар 5 маусымда ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдумда дауыс бере алады.
Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінің жанынан 52 шет мемлекетте 65 учаскелік комиссия құрылды. Сайлау учаскелерінің мекенжайлары мен байланыстары ҚР СІМ сайтында жарияланған.
(https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/article/details/85844?lang=ru) "дауыс беруге қатысу үшін белсенді сайлау құқығы бар, тиісті шет мемлекетте тұратын немесе жеке, қызметтік, іскерлік және туристік мақсаттар бойынша жүрген және ҚР азаматының жарамды паспорты бар Қазақстан Республикасының азаматтары учаскелік комиссия құрылған Қазақстанның дипломатиялық өкілдігіне жүгіне алады", – деп түсіндірді СІМ-де.
Шетелдік мекемелер жанындағы дауыс беру 2022 жылғы 5 маусымда жергілікті уақыт бойынша 7.00-ден 20.00-ге дейін өткізілетін болады.
#ЖаңаҚазақстан # Конституция2022 #janaqazaqstan
@referendum2022_kz