
Петропавл. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Ольга Перепечина Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Сенатор жұмыс сапары барысында Президенттің конституциялық реформаларын талқылауға және ағымдағы жылдың 5 маусымында өтетін республикалық референдумның маңыздылығына ерекше назар аударды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА ҚР Парламенті палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Бүкілхалықтық референдум арқылы Конституцияны өзгерту — бұл Президенттің халыққа және оның ерік-жігеріне деген сенімінің айқын көрінісі. Референдум әрбір азаматқа ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік береді және жан-жақты демократияландыру мен жаңа Қазақстанды құру жөніндегі бағытымызды нығайтады. Жаңа Қазақстан - бұл үнемі өзгеріп отыратын әлемде біздің жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайтудың жолы", - деп атап өтті Ольга Перепечина. Сондай-ақ, Конституцияға енгізілетін түзетулер және олардың қазақстандықтардың өміріне қалай әсер ететіні егжей-тегжейлі талқыланды. Кездесулерге ауыл тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер, ЖШС еңбек ұжымдары мен шаруа қожалықтары қатысты. Сонымен қатар, тұрғындарды сумен қамтамасыз ету, кентішілік жолдарды жөндеу, ұялы байланыс пен интернеттің болмауы сияқты проблемалық мәселелер көтерілді.
Барлық құқықтар қорғалған. Белсенді сілтемені қолданыңыз inform.kz https://www.inform.kz/ru/vice-spiker-senata-obsudila-predstoyaschiy-referendum-s-zhitelyami-sko_a3938258