Меню

Страницы

Статья

Жақсы ауылы әкімін сайлау қорытындылары туралы

ХАБАРЛАМА

2022 жылғы 27 наурызда Жақсы ауданының Жақсы ауылы әкімінің  сайлауы бір сайлау округі бойынша өтті.

Жақсы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жақсы ауданы Жақсы ауылы әкімі сайлауы нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Жақсы ауылы әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3430 азамат енгізілді, олардың 2819-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 98, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 90.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Калентионок Е.Е.- 2147; Джетекенова Б.Т.- 371; Тусупканова Е.С. -113.

Жақсы ауылы округінің әкімі болып Евгений Евгеньевич Калентионок сайланды, 1985 жылы туған, «Урожай» ЖШС-нің  бас инженері, Жақсы ауылының тұрғыны,  «AMANAT» партиясынан ұсынылды.

Жақсы аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 29 наурыздағы шешімімен 2022 жылғы 27 наурызда сайланған Жақсы ауданының Жақсы ауылы  әкімін тіркеді.

Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

Дата публикации
30 марта 2022
Дата обновления
30 марта 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы