Қазақстан Республикасының
экономика және бюджеттік
бюджеттік жоспарлау Министрінің
2013 жылғы 25 маусымдағы № 193
бұйрығына 2-қосымша
2021 жылға арналған Жақсы ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп
1.Жалпы ережелер.
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
2021 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Жақсы ауданының жергілікті атқарушы органдарының қызметі туралы есепте (бұдан әрі — есеп) ауданның жергілікті атқарушы органдары, ауыл, ауылдық округ әкімдері көрсеткен мемлекеттік қызметтер бойынша мәліметтер енгізілген.
Жақсы ауданында 23 мемлекеттік орган қызмет көрсетеді (аудандық және ауылдық әкім аппараттары – 15, дербес бөлімдер – 7, ведомстволық бағынысты ұйымдар - 1).
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 30 маусымдағы № 299/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын атқарушы органдар мемлекеттік қызметтің 62 түрін көрсетеді.
2021 жылы Жақсы ауданының жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 3863 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы – 803, электрондық үкімет веб - порталы арқылы - 2037, Мемлекеттік орган арқылы: қағаз нысанда – 812, көрсетілетін қызметті беруші жүйесі арқылы электрондық түрде-211.
Мемлекеттік қызметтер Жеке және заңды тұлғаларға тегін – 55 қызмет, ақылы – 7 қызмет көрсетіледі.
3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:
Жүргізілген талдау негізінде 2021 жылы неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жұмыспен қамту («Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу») саласындағы, ауыл шаруашылығы саласындағы («Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктерін тіркеу есебінен шығару, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу және тіркеу құжатын (телнұсқасын) және олар үшін мемлекеттік нөмірлік белгі беру»), жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында («Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру», «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»).
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Барлық мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру және қол жетімділік мақсатында көрнекі ақпараты (стандарттар, өтініштер үлгілері) бар стендтер орналастырылған. Барлық қызметтер бойынша түсіндірмені «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (консультанттардан) жүгіну арқылы алуға болады. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат аудан әкімінің сайтында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Елді мекендерде «eGov mobile» мобильдік қосымшасын пайдалану бойынша баннерлер орнату жүзеге асырылды.
Халық арасында электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі үшін ауылдар мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарында «Е-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын ашу бойынша жұмыс жүргізілді, онда азаматтар электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алады. Аудан бойынша барлығы 43 «Е-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.
Ауданда «Сервистік әкімдік» өз жұмысын жүзеге асыруда, оның құрамына әлеуметтік қорғау, сәулет және қала құрылысы, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, ТКШ қызметкерлері кірді. Мамандар сізді қызықтыратын мәселелер бойынша азаматтарды ашық форматта қабылдайды.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар.
Жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы Жақсы ауданының «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен 3 дөңгелек үстел өткізілді. Әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram) мемлекеттік қызметтердің 62 түрі бойынша 36 мақала жарияланды. Аудандық «Жақсы жаршысы» газетінде Мемлекеттік қызметтің 13 мақаласы жарияланды. «Адалдық Алаңы» жобасы аясында мемлекеттік мекеме басшыларының қатысуымен 29 тікелей эфир өткізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету дағдыларын жетілдіру бойынша оқыту семинары өткізілді. Қызмет көрсетушілердің 52 қызметкері онлайн режимде ZOOM қосымшасы арқылы техникалық оқытудан өтті.
2021 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілікті арттырудан мемлекеттік мекемелердің 2 маманы өтті.
1) 2021 жылы Мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардан шағымдар түскен жоқ, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзуға жол берілген жоқ.
2) Жақсы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөлімімен Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау бойынша 7 бақылау іс-шарасы өткізілді («Жақсы ауданының Ешім ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Жақсы ауданының Жаңақима ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Жақсы ауданының Жақсы ауылы әкімінің аппараты» ММ, «Жақсы ауданының Киев ауылы әкімінің аппараты» ММ, «Жақсы ауданының Новокиенка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Жақсы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, «Жақсы ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ) өрескел бұзушылықтар анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.
Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында бөліммен мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Жақсы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөлімімен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.
- Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;
- стендтер, БАҚ және ресми интернет-ресурстар арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты уақтылы хабардар ету, халыққа қызмет көрсету бөлімінің мамандарымен, ауыл, ауылдық округ әкімдерімен және мамандарымен, Мемлекеттік мекемелердің басшыларымен семинарлар өткізу;
- электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үлесін арттыру;
- көрсетілетін қызметті алушыларды «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы танымал ету және хабардар ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
- Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.
Барлық сұрақтар бойынша мына электронды мекен-жайға хабарласуға болады: zhaksy_usl@aqmola.gov.kz, сондай-ақ телефон арқылы: 8(71635)21461.