«Жақсы ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2021 жылға арналған қызметі туралы
ЕСЕП
«Жақсы ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтің 1 түрін көрсетеді: «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарын, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерін әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы».
2021 жылы 24 мемлекеттік қызмет көрсетілді:
- оның ішінде әлеуметтік қолдау ретінде 17 маманға 4958,9 мың теңге көтерме жәрдемақы берілді;
- 7 маманға тұрғын үй сатып алуға 26253,0 мың теңге бюджеттік несие.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту -1 қағаз түрінде берілген.
2021 жылы қызметтер белгіленген мерзімде көрсетілді, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шартты алушыларға шағымдар түскен жоқ.
Ақпараттық және мемлекеттік қызметтерді сапалы орындау үшін мемлекеттік мекеме көрсететін мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттары облыстық газетте жарияланады.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы ақпарат тоқсан сайын «Жақсы ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ақпараттық стендісінде, сондай-ақ «Жақсы жаршысы» газетінде жарияланады.
Құжаттар топтамаларын қабылдау, мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері бойынша бұзушылықтар болған жоқ. «Жақсы ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.
«Жақсы ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-де мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы ақпаратты, келушілерге «Электрондық Үкімет» арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы ақпаратты қамтитын стенд орнатылған.
Барлық ескертулерді аудан әкімінің немесе Жақсы ауылы, Дружба көшесі, 3 мекен-жайында орналасқан «Жақсы ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің электронды поштасына жіберуге болады. Байланыс телефоны: 8716- 35-21-3-03.