2021 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша «Жақсы ауданының Терісаққан ауыл әкімінің аппараты» ММ жұмысы туралы
ЕСЕП
«Жақсы ауданының Терісаққан ауыл әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызмет көрсету Тізіміне сәйкес бес түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді:
2021 жылы 1 мемлекеттік қызмет көрсетілді. («Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»). Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту – 0.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бойынша бұзушылықтар болған жоқ. «Жақсы ауданының Терісаққан ауыл әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне мемлекттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету барысында «Жақсы ауданының Терісаққан ауыл әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Конституциясына және стандарттары мен ережелер негізінде, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңын басшылыққа алады. Бірінші кезекте мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру үдерісі және оның электронды түрде көрсетілуі қызметінің сапасын арттыруға аса назар аударылады. Ол үшін әкім аппаратында мемлекеттік қызмет алушыларға арнайы мемлекеттік қызметтерді үздіксіз алуға «еgov» бұрышы жабдықталған.
- Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау-1
«Электронды үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметті өз бетінше алу жөнінде халықты ақпараттандыру мақсатында халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Терісаққан ауыл әкімдігінде электронды үкімет арқылы мемлекеттік қызмет алу мүмкіндігі туралы келушілер үшін ақпараттар мен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат ілінген стенд бар. Сондай-ақ аудан әкімінің сайты арқылы ақпарат тарату жолымен, әлеуметтік желілерден үнемі таратылатын мақалалар жазылған жергілікті БАҚ арқылы халыққа мәліметтер таратылады.
Мемлекеттік қызмет алу сұрақтары бойынша мына телефонға хабарласуға болады: 8(71635)33383, 8(71635)33408 электронды мекен-жай: jaqsy_tersakan@aqmola.gov.kz
Мемлекеттік мекеменің жұмыс уақыты: сағат 9.00 -18.30 дейін, үзіліс: сағат 13.00 -14.30 дейін, демалыс: сенбі, жексенбі.