2021 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша Жақсы ауданның Тарасов ауылдық октугі әкімінің жұмысы туралы
ЕСЕП
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру бұл – мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуінің маңызды аспектісі болып саналады. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің ашық және бәріне бірдей қолжетімді болуы мемлекеттік органдардың алдындағы маңызды тапсырмалардың бірі екендігі тегін айтылмаған.
Тарасов ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік қызмет көрсету тізіміне сәйкес сегіз түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді:
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»,
«Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру»,
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу»,
«Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»,
«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою».
2021 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер:
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» - мемлекеттік орган арқылы қағаз жүзінде 1 қызмет.
Басқа қызметтер бойынша хабарласқандар жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету уақыты бойынша заң бұзушылықтар болған жоқ. Мемқызмет көрсету бойынша «Жақсы ауданының Тарасов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ шағымдар түскен жоқ. Ауылдық округтің маманы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша сертификаты бар.
Барлық мемлекеттік қызметтер мемкорпорация және ММБ «Е-лецинзирование» арқылы электронды және қағаз түрінде тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында «Жақсы ауданының Тарасов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ стандарттары мен ережелері негізінде, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңын басшылыққа алады. Бірінші кезекте мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру үдерісі және оның электронды түрде көрсетілуі қызметтің сапасын арттыруға баса назар аударылады. Ол үшін әкім аппаратында мемлекеттік қызмет алушыларға арнайы мемлекеттік қызметтерді үздіксіз алуға «Egov» бұрышы жабдықталған. «Электронда үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметті өз бетінше алу жөнінде халықты ақпараттандыру мақсатында жаднамалар мен ескерту кітапшалары таратылып, халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Тарасов ауылдық окургінде электронды үкімет арқылы мемлекеттік қызмет алу мүмкіндігі туралы келушілер үшін ақпараттар мен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат ілінген стенд бар. Сондайақ Жақсы ауданы әкімінің сайты арқылы ақпарат тарату жолымен, үнемі таратылатын мақалалар жазылған жергілікті БАҚ арқылы халыққа мәліметтер таратылады.
Мемлекеттік қызмет алу сұрақтары бойынша мына телефонға хабарласуға болады: 87163531705, электронды мекен-жай: jaqsy_tarasov@aqmola.gov.kz