"Жақсы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ-нің 2021 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мемлекеттік органдардың тиімді қызметіндегі маңызды аспект болып табылады.
"Жақсы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларға сәйкес. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 6 қазанда № 21366 болып тіркелді, мемлекеттік қызметтің 3 түрін көрсетеді.
2020 жылы Мемлекеттік қызмет көрсетілді:
1."Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту" - 136 қызмет.
2."Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау" - аталған қызмет бойынша өтініштер түскен жоқ.
3."Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру" - осы қызмет бойынша өтініштер түскен жоқ.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет" порталы арқылы өз бетінше алу туралы халықты хабардар ету мақсатында халық арасында түсіндіру жүргізілуде. Ақпараттандыру және Мемлекеттік қызметтерді сапалы орындау үшін аудандық газетте мемлекеттік мекеме көрсететін мемлекеттік қызметтердің ережелер жарияланады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерін автоматтандыруға және оларды электрондық түрде көрсету сапасын арттыруға бірінші кезекте көңіл бөлінеді. "Электрондық үкімет" веб-порталында www.egov.kz сондай-ақ, "Жақсы ауданының жер қатынастары бөлімі"ММ Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша толық ақпаратты білуге болады.
Құжаттар топтамасын, Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін қабылдау кезінде бұзушылықтарға жол берілген жоқ. "Жақсы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.
"Жақсы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерін автоматтандыруға және оларды электрондық түрде көрсету сапасын арттыруға бірінші кезекте көңіл бөлінеді. Ол үшін бөлімде қызмет алушылармен мемлекеттік қызметтерді кедергісіз алу үшін "Egov" бұрышы жабдықталған. "Электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу туралы халықты хабардар ету мақсатында жадынамалар мен брошюралар таратылады, халық арасында түсіндіру жүргізіледі.
"Жақсы ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ-де стенд бар, онда жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ережелер, келушілерге "электрондық үкімет"арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы ақпарат орналастырылған. Сондай-ақ халыққа мәліметтер Жақсы ауданы әкімінің сайтында ақпаратты орналастыру арқылы жеткізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 87163522025, электрондық мекен-жайы jaqsy_zo@aqmola.gov.kz