Меню

Страницы

Статья

2021 жылғы Жақсы ауданының Қызылсай ауылдық округі әкімінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

 

2021 жылғы Жақсы ауданының Қызылсай ауылдық округі әкімінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

 

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру-мемлекеттік органдардың тиімді қызметіндегі маңызды аспект. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев мемлекеттік органдардың алдында тұрған басым міндеттердің бірі мемлекеттік қызметтерге ашық және тең қол жеткізу деп санайды.

«Жақсы ауданының Қызылсай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетеді.

2021 жылы 5 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту - 0.

  1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру - 0 қызмет.
  2. Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру - 0 қызмет.
  3. Сауда - саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу - 5 қызмет.
  4. Жер учаскесін жеке меншікке бір рет немесе бөліп-бөліп сату - 0 қызмет.
  5. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою - 0 қызмет.

Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің түрлері мен тәртібі туралы ақпарат Қызылсай ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратындағы ақпараттық стендте орналастырылған.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің белгіленген мерзімдерін бұзу болған жоқ. «Жақсы ауданының Қызылсай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-не қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.    Барлық мемлекеттік қызметтер "Е-Лицензиялау" МДҚ арқылы тегін көрсетілді.

«Жақсы ауданының Қызылсай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Конституциясына және бекітілген стандарттарға негізделген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңын басшылыққа алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісін автоматтандыруға және олардыэлектрондық түрде көрсету сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Халыққа ыңғайлы болу үшін Кировское а.әкімдігінде веб - портал арқылы мемлекеттік қызметтерді алу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету E-gov пункті ашылды. Ауылдық округ тұрғындары ЭЦҚ болған жағдайда әрқашанда әр түрлі мемлекеттік қызметтерді ала алады. Мамандар мемлекеттік қызметті алуда практикалық көмек көрсетуге дайын. 2021 жылы қызмет алушылар Электрондық үкімет арқылы 61 түрлі анықтама алды. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін ақпараттандыру мақсатында жадынамалар мен брошюралар таратылады, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. ММ жанында ақпараттық стенд

бар, онда мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары орналастырылған. Сәуір айында аудандық «Жақсы жаршысы» газетінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мақала жарияланып, Fasebook, Instsgram әлеуметтік желілерінде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылды.

         Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: Байланыс телефондары 8 (716-35) 93-3-71, 8 (716-35) 79-1-07,электрондық мекен-жайы: jaqsy_qysylsai@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік органның жұмыс уақыты: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс: 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс: сенбі, жексенбі.

2021 жылғы Жақсы ауданының Қызылсай ауылдық округі әкімінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

Дата публикации
21 февраля 2022
Дата обновления
21 февраля 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы