Меню

Страницы

Статья

Жақсы ауданының Жаңақима ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

Жақсы ауданының Жаңақима ауылдық округі әкімінің

2021 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері

жөніндегі қызметі туралы Есебі

 

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру-мемлекеттік органдардың тиімді қызметіндегі маңызды аспект. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев Мемлекеттік органдардың алдында тұрған басым міндеттердің бірі мемлекеттік қызметтерге ашық және тең қол жеткізу деп санайды.

«Жақсы ауданының Жаңақийма ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетеді:

2021 жылы 12 мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту-1.

  1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 1 қызмет,
  2. «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру» - 0 қызмет,

3.«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу)» - 11 қызмет,

  1. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» - 0 қызмет,
  2. «Жер учаскесін жекеменшікке бөліп төлеуге сату» - 0 қызмет.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысымен бекітілген 2020 жылғы 1 қазандағы стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.  

Мемлекеттік қызмет көрсетудің түрлері мен тәртібі туралы ақпарат Жаңақима ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратындағы ақпараттық стендте орналастырылған.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің белгіленген мерзімдерін бұзу болған жоқ. "Жақсы ауданының Жаңақима ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-не қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

Барлық мемлекеттік қызметтер "Е-Лицензиялау" МДҚ арқылы тегін көрсетілді.

"Жақсы ауданының Жаңақима ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және бекітілген стандарттар мен регламенттер бойынша 2019 жылғы 25 қарашадағы №272-VI ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңын басшылыққа алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісін автоматтандыруға және оларды электрондық түрде көрсету сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Халыққа ыңғайлы болу үшін ауылдық округ әкімдігінде веб-портал арқылы мемлекеттік қызметтерді алу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету E-gov пункті ашылды. Ауылдық округ тұрғындары ЭЦК болған жағдайда әрқашанда әр түрлі мемлекеттік қызметтерді ала алады. Мамандар мемлекеттік қызметті алуда практикалық көмек көрсетуге дайын. 2021 жылы қызмет алушылар Электрондық үкімет арқылы 65 түрлі анықтама алды. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін ақпараттандыру мақсатында жадынамалар мен брошюралар таратылады, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. ММ жанында ақпараттық стенд бар, онда мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары орналастырылған. Шілде айында Fasebook әлеуметтік желілерінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тікелей эфир жарияланды.

            Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша  келесі телефондарға хабарласыңыздар 8 (716-35)  51208,  8 (716-35) 79090,

Электрондық мекен-жай: jaqsy_janakiimin@aqmola.gov.kz.

Мемлекеттік органның жұмыс уақыты: сағат  9.00 -18.30-ге дейін,  түскі үзіліс: сағат  13.00-ден  -14.30-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

Жақсы ауданының Жаңақима ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

 

Дата публикации
21 февраля 2022
Дата обновления
21 февраля 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы