Меню

Страницы

Статья

2021 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша Жақсы ауданы Запорожье ауылдық округі әкімінің жұмысы туралы есеп

2021 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша Жақсы ауданы Запорожье ауылдық округі әкімінің жұмысы туралы

ЕСЕП

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру бұл - мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуінің маңызды аспектісі болып саналады. Елбасымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтің ашық және бәріне бірдей қолжетімді болуы мемлекеттік органдардың алдындағы маңызды тапсырмалардың бірі екенін тегін айтпаған.

        Запорожье ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік қызмет көрсету Тізіміне сәйкес 5 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  • «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»-21
  • «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»
  • «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»
  • «Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату»
  • «Жер учаскесін жеке меншікке бөліп төлеуге сату»
  • «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»

Басқа мемлекеттік қызметтер бойынша жүгінгендер болған жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бойынша бұзушылықтар болған жоқ. «Жақсы ауданы Запорожье ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне мемлекттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ. Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету барысында «Жақсы ауданы Запорожье ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Конституциясына және стандарттары негізінде, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңын басшылыққа алады. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру үдерісі және оның электронды түрде көрсетілуі сапасын арттыруға аса назар аударылады.

Запорожье ауылдық округінде мемлекеттік қызмет алушыларға арнайы мемлекеттік қызметтерді үздіксіз алуға «Еgov» бұрышы бар. «Электронды үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметті өз бетінше алу жөнінде халықты ақпараттандыру мақсатында жадынамалар таратылып, халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Ауылдық округ тұрғындары ЭЦҚ болған жағдайда әрқашан түрлі мемлекеттік қызметтер алуға, сұрауға мүмкіндіктері бар. Мамандар мемлекеттік қызмет алушыларға практикалық көмек көрсетуге дайын. 2021 жылы қызметті алушылар өздігінен «Еgov» бұрышы арқылы 63 әр түрлі анықтамалар алды. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпараттау мақсатында аудандық «Жақсы жаршысы» газетіне мақала жарияланады, жадынамалар мен кітапшалар таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Мемлекеттік мекемеде мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттары берілген ақпараттық тақтасы бар.

Мемлекеттік қызмет алу сұрақтары бойынша мына телефонға хабарласуға болады: 87163557466, электронды мекен-жай: zaporozhski_2009@mail.ru

2021 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша Жақсы ауданы Запорожье ауылдық округі әкімінің жұмысы туралы есеп

 

Дата публикации
21 февраля 2022
Дата обновления
21 февраля 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы