2021 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша Жақсы ауданы Белағаш ауылының әкімінің жұмысы туралы
ЕСЕП
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша басқарушылық шешімдер қабылдау процесіне азаматтық қоғамды тарту мүмкіндіктері айтарлықтай өсті. Біріншіден, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын жария талқылауға қатысу мүмкіндігі бар. Екіншіден, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізуге болады. Үшіншіден, мемлекеттік органдар қызметінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептерін жария талқылауға қатысу.
Белағаш ауылы әкімінің аппараты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес жеті Мемлекеттік қызмет көрсетеді:
Аудандық "Жақсы жаршысы"газетінде Мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде бір мақала жарияланды.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің белгіленген мерзімдерін бұзуға жол берілген жоқ. "Жақсы ауданының Белағаш ауылы әкімінің аппараты" ММ-не мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз түрінде, тегін негізде көрсетілді. "Жақсы ауданы Белағаш ауылы әкімінің аппараты" ММ Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және бекітілген стандарттар "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерін автоматтандыруға және оларды электрондық түрде көрсету сапасын арттыруға бірінші кезекте көңіл бөлінеді. Ол үшін әкім аппаратында қызмет алушылармен мемлекеттік қызметтерді кедергісіз алу үшін "E-gov" бұрышы жабдықталған. "Электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу туралы халықты ақпараттандыру мақсатында жадынамалар мен кітапшалар таратылады, халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Ауыл әкімдігінде "Ego-v" бұрышы жұмыс істейді, онда ауыл тұрғындары ЭЦҚ-мен мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алады. 2021 жылы "Едо-v" бұрышы арқылы 66 қызмет берілді,
берілді:
Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары (жарықтандыру, су құбыры, сорғы) туралы анықтама.- 1
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу -1
Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу.-8
ҚР халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу – 4
Наркологиялық ұйымға анықтама беру .- 8
Психоневрологиялық ұйымға анықтама беру. – 8
Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру - 8
Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру. – 9
Жеке тұлғаның жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама-1
Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою және одан шығару.- 1
ҚР әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру - 1
"Жақсы ауданының Белағаш ауылы әкімінің аппараты" ММ-де мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат орналастырылған стенділер ресімделді. Сондай-ақ, халыққа Жақсы ауданы әкімінің сайты арқылы мақалалар тұрақты жарияланатын жергілікті БАҚ арқылы жеткізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 87163593295, электрондық мекен-жайы jaqsy_belagash@aqmola.gov.kz