Меню

Страницы

Статья

«2022 жылға тағайындалатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкiмдерiн сайлауда аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердiң әкiмдерiне кандидаттардың республикалық бюджеттен өтетiн шығыстарының мөлшерiн белгiлеу туралы» Ақмола облыстық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 1/180 қаулысы

«2022 жылға тағайындалатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкiмдерiн сайлауда аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердiң әкiмдерiне кандидаттардың республикалық бюджеттен өтетiн шығыстарының мөлшерiн белгiлеу туралы»

Ақмола облыстық сайлау комиссиясы

 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 1/180 қаулысы

              

             Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 33-бабының 1-1, 2-1-тармақтарына сәйкес облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмiне кандидаттың республикалық бюджет қаражаты есебiнен төленетiн шығыстарының мөлшерi 1-3-қосымшаларға сәйкес белгiленсiн.

Кандидаттар өздерінің сайлау алды бағдарламаларын ұсыну үшін мемлекеттен бөлінген қаражат шегінде баспа және/немесе интернет-басылымдардағы, телерадиоарналардағы жарияланымдар көлемін дербес қайта бөледі.

  1. Осы қаулы қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссияларына жіберілсін.
  2. Осы қаулы облыстық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.

 

Сайлау комиссиясы төрағасы                             М.Садуов

 

Сайлау комиссиясы хатшысы                            Н. Политкин

1-қосымша шешімге 2022 жылғы

24 қаңтардағы № 1/180

 

Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдігіне кандидаттардың сайлаушылар саны 2000 адамға дейінгі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бойынша республикалық бюджеттен төленетін шығыстары

 

1) мерзімді баспа басылымдарында немесе интернет-басылымдарда 0,1 баспа парағынан аспайтын екі мақаланы жариялау – 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

2) телевидениеде бағдарламамен орындау (тікелей немесе жазылған) 15 минут – 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

3) радиода 10 минуттық бағдарламамен орындау – 10 000 (он мың) теңге мөлшерінде;

4) үгіт материалдарын шығару – 60 000 (алпыс мың) теңге сомасында;

5) үй-жайды жалға алу – 10 000 (он мың) теңге мөлшерінде;

6) көлік шығыстары (елді мекендердің санына және олардың аудан орталығынан шалғай орналасуына байланысты) – 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-қосымша шешімге 2022 жылғы

24 қаңтардағы № 1/180

 

Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдігіне кандидаттардың сайлаушылар саны 2001-5000 адамға дейінгі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бойынша республикалық бюджеттен төленетін шығыстары

 

1) мерзімді баспа басылымдарында немесе интернет-басылымдарда 0,1 баспа парағынан аспайтын екі мақаланы жариялау – 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

2) телевидениеде бағдарламамен орындау (тікелей немесе жазылған) 15 минут – 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

3) радиода 10 минуттық бағдарламамен орындау – 10 000 (он мың) теңге мөлшерінде;

4) үгіт материалдарын шығару – 70 000 (алпыс мың) теңге сомасында;

5) үй-жайды жалға алу – 10 000 (он мың) теңге мөлшерінде;

6) көлік шығыстары (елді мекендердің санына және олардың аудан орталығынан шалғай орналасуына байланысты) – 30 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-қосымша шешімге 2022 жылғы

24 қаңтардағы № 1/180

 

Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдігіне кандидаттардың сайлаушылар саны 5000-нан астам адам дейінгі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бойынша республикалық бюджеттен төленетін шығыстары

 

1) мерзімді баспа басылымдарында немесе интернет-басылымдарда 0,1 баспа парағынан аспайтын екі мақаланы жариялау – 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

2) телевидениеде бағдарламамен орындау (тікелей немесе жазылған) 15 минут – 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

3) радиода 10 минуттық бағдарламамен орындау – 10 000 (он мың) теңге мөлшерінде;

4) үгіт материалдарын шығару – 80 000 (алпыс мың) теңге сомасында;

5) үй-жайды жалға алу – 10 000 (он мың) теңге мөлшерінде;

6) көлік шығыстары (елді мекендердің санына және олардың аудан орталығынан шалғай орналасуына байланысты) – 50 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде.

 

Дата публикации
07 февраля 2022
Дата обновления
07 февраля 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы