Меню

Страницы

Статья

Жақсы ауданының аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы

Жақсы ауданының аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы

 

          «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Жақсы ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібі бекітілсін.
  2. Жақсы ауданының елді мекендерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қоса беріліп отырған Тәртібі бекітілсін.
  3. Жақсы ауданының елді мекендерінің аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қоса беріліп отырған ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау бекітілсін.
  4. Жақсы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

Жақсы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 6ВС-20-4  «Жақсы ауданының аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібінбекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6354 болып тіркелген) шешімі;

 «Жақсы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 6ВС-20-4  «Жақсы ауданының аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібінбекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6354 болып тіркелген) шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Жақсы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 12 наурыздағы № 6ВС-52-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7741 болып тіркелген) шешімі.

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

                 

Аудандық мәслихат хатшысы                                              Д.  Пшембаева

 

 

 

 

Жақсы аудандық мәслихатының ______ жылғы ______ № _______

 шешімімен бекітілген  

 

 

Жақсы ауданының аумағындағы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

 

  1-тарау. Жалпы ережелер  

  1. Осы Жақсы ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленген және ауыл, кент, ауылдық округ, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
  2. Осы Тәртіппен мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

           1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

           2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі  

  1. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдың,кенттің, ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар,шағын аудандар көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.
  2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
  3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
  4. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауыл,кент, ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
  5. Ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді ауыл, кент және ауылдық округ әкімі ұйымдастырады. Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді. 
  6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

  1. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауыл, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Ауыл,кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
  2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Жақсы аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
  3. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
  4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол тиісті кент және ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жақсы аудандық     мәслихатының _____

        жылғы        № _______

шешімімен бекітілген  

 

Жақсы ауданының елді мекендерінің аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау

 

 

       

№

Жақсы ауданының елді мекенінің атауы

Жақсы ауданының елді мекендерінің аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

1

Белағаш ауылы

9

2

Жақсы ауылы

52

3

Киев ауылы

5

4

Новокиенка ауылы

7

5

Подгорное ауылы

7

6

Терісаққан ауылы

4

7

Чапай ауылы

3

Беловод ауылдық округі

8

Беловод ауылы

4

9

Қайрақты ауылы

2

10

Перекатное ауылы

4

Ешім ауылдық округі

11

Ешім ауылы

8

12

Қазақстан ауылы

1

13

Монастырка ауылы

1

Жаңа-қима ауылдық округі

14

Алғабас ауылы

1

15

Жаңа-қима ауылы

7

16

Қима ауылы

10

Запорожье ауылдық округі

17

Запорожье ауылы

11

18

Лозовое ауылы

5

Калинин ауылдық округі

19

Калинин ауылы

4

20

Қалмақкөл ауылы

2

21

Моховое ауылы

3

Қызылсай ауылдық округі

22

Баяғыз ауылы

1

23

Киров ауылы

6

Тарас ауылдық округі

24

Казахское ауылы

1

25

Тарас ауылы

4

Дата публикации
03 ноября 2021
Дата обновления
03 ноября 2021
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы