«Жақсы ауданының Новокиенка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің
ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша
талдамалық анықтама
Жақсы ауылы 2021 ж. 07.07.
2021 жылғы 20-21 маусым аралығында Жақсы ауданы әкімінің 2021 жылғы 13 қаңтардағы № 8 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімінің 1 тармағы негізінде «Новокиенка ауылы әкімінің аппараты» ММ (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдау жүргізу барысында нормативтік құқықтық актілерде 2020 жылы 2 сәйкессіздік анықталды.
2021 жылғы 28 сәуірдегі Мемлекеттік мекеменің ұсынылған талдамалық анықтамасына сәйкес 2020 жылы мемлекеттік мекемемен 33 құқықтық акт, оның ішінде 5 шешім, 28 өкім шығарылды.
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 3-тармағын бұзуда «қаржылық құжаттарға бірінші және екінші қол қою құқығын жүктеу туралы» 2020 жылғы 21 қаңтардағы № 2 өкім шығарылған кезде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіннің тең түпнұсқалығы қамтамасыз етілмеген (өкімнің 1-тармағында мемлекеттік тілде «бірінші» деген сөз жоқ, ал орыс тілінде «бірінші қол қою құқығы» деп жазылған).
««Жақсы ауданының Новокиенка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мамандарына функционалдық міндеттерді бекіту туралы» 2020 жылғы 11 қарашадағы № 7 өкімді шығару кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларының 20-тармағының 4) тармақшасын бұзуда (өкімнің 2-тармағында мемлекеттік тілде «орындалуының лбақылауын» көрсетілген, ал дұрысы «орындалу бақылауын»).
Құқықтық актілерді шығару кезінде жоғарыда көрсетілген қателіктер 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 9, 10 өкімдермен жойылды.
Анықталған сәйкессіздіктер мемлекеттік мекеменің 2021 жылғы 18 мамырдағы ұсынылған Талдамалық анықтамасында көрсетілмеген.
Мемлекеттік мекеме қабылдаған нормативтік құқықтық актілер бойынша 2020 жылғы және 2021 жылғы 1, 2 тоқсандағы тоқсан сайынғы есепті жіберген кезде бұзушылықтар анықталған жоқ.
2.Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
2.1. Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы.
2021 жылғы 28 сәуірдегі Мемлекеттік мекеменің ұсынылған талдамалық анықтамасына сәйкес 2020 жылғы жағдай бойынша мемлекеттік мекеменің штат саны 5 бірлікті құрады, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер 4, мемлекеттік емес қызметшілер 1 (еңбек шарты бойынша жүргізуші), 1 бос орын бар. 2020 жылы таза ауысымдылық, тәртіптік жазалар жоқ.
Ішкі жұмыс тәртібін, лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, лауазымдық нұсқаулықтарды реттейтін негізгі құжаттар бар.
Аудан әкімі аппаратының 2021 жылғы 21 маусымдағы ПБҚ талдамалық анықтамасына сәйкес мемлекеттік мекеменің штат саны 4 бірлікті құрайды, іс жүзінде 3 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді, 1 бос орын бар. 2020 жылы таза ауысымдылық, тәртіптік жазалар жоқ.
Мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдау жүргізу барысында, мемлекеттік мекеме және аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметіне ұсынған мәліметтерді талдай отырып, ұйымдастыру-басқару қызметінде деректердің 1 сәйкессіздігі анықталды, атап айтқанда мемлекеттік мекеменің штат саны дұрыс көрсетілмеген, ал мемлекеттік қызметшілердің штат санын көрсету не мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің жалпы санын, оның ішінде қызметкерлердің санын көресете отырып, сондай-ақ нақты жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің санын көрсету қажет еді.
2.2. Мүдделер қақтығысын реттеу.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдау жүргізу барысында мүдделер қақтығысы жағдайлары анықталған жоқ, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің мемлекеттік мекеме әкімімен үлестестігі, жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірлескен қызметі (жұмысы) жоқ.
2.3. Мемлекеттік қызмет көрсету.
2021 жылғы 28 сәуірдегі Мемлекеттік мекеменің ұсынылған талдамалық анықтамасына сәйкес 2020 жылғы жағдай бойынша мемлекеттік мекеме мемлекеттік қызметтердің 6 түрін көрсетеді.
Мемлекеттік мекемемен Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдау жүргізу барысында, мемлекеттік мекеме және аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөлімі ұсынған мәліметтерді талдай отырып, деректердің 1 сәйкессіздігі анықталды, атап айтқанда цифрлық даму министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсетулердің қолданыстағы тізіліміне сәйкес, 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ мемлекеттік мекеме мемлекеттік қызметтердің 5 түрін көрсетеді.
2020 жылы мемлекеттік мекеме 1 Мемлекеттік қызмет көрсетті.
Электрондық үкімет арқылы көрсетілетін қызметті алушы әртүрлі 41 анықтама түрін өз бетінше алды.
Әлеуметтік желілерде 1 мақала жарияланды, «Адал көмек» жобасы аясында көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері бойынша 1 тікелей эфир өткізілді.
Ғимаратқа кіре берісте пандус орнатылған, шақыру түймесі бар және жұмыс істейді.
Халыққа қолжетімді жерде, ғимараттың холында Мемлекеттік қызметтер бойынша қолданыстағы қағидалар мен өтініш үлгілері бар ақпараттық стенд орналастырылған.
Жақсы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 қаңтардағы № А-0/10 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мекеменің ережесінде Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша функция көзделген, ол мемлекеттік мекеменің әкімі мен бас маманының лауазымдық нұсқаулығында көрсетілген.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 5-бабы 2-тармағы 6 тармақшасы бойынша көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруға, сондай-ақ мүгедектермен қарым-қатынас жасау дағдыларына үйретуге міндетті.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілікті арттыру туралы қолданыстағы сертификат мемлекеттік мекеменің әкімі мен бас маманында бар.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдау жүргізу барысында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу, сондай-ақ мемлекеттік мекемеде есептік деректерде айырмашылықтар анықталған жоқ.
Барлық мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес көрсетілген.
2.4. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау.
2020 жылы мемлекеттік мекемеге 1 өтініш келіп түсті, ол қаралып, өтініш берушілерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уақытылы жауап берілді.
2020 жылға арналған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу папкалары, журналдары, сондай-ақ азаматтарды жеке қабылдауды тіркеу журналы бар.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау бойынша талдау жүргізу барысында 1 сәйкессіздік анықталды.
Аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және қаржы-шаруашылық қызметі бөлімінің «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау жөніндегі талдамалық анықтамасына сәйкес ауыл әкімінің жеке қабылдауына жүгінгендер жоқ, мемлекеттік мекеменің 2021 жылғы 28 сәуірдегі ұсынылған талдамалық анықтамасына сәйкес, 2020 жылғы жағдай бойынша бұл мәліметтер жоқ.
Талдау нәтижелері бойынша ұсынамыз:
Қарау нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы «Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ-не 2021 жылғы 14 тамызға дейінгі мерзімде хабарлау қажет.
Жақсы ауданы әкімі
аппаратының басшысы О. Бочарникова
КЕЛІСІЛДІ: А Майлыбаева
Т. Балацкая
Д. Бектұрғанова
Ұ. Жүсіпова
Н. Круглик