«Жақсы ауданының Калинин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша
талдамалық анықтама
Жақсы ауылы 2021 ж. 07.07.
2021 жылғы 20-21 маусым аралығында Жақсы ауданы әкімінің 2021 жылғы 13 қаңтардағы № 8 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімінің 1 тармағы негізінде «Калинин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдау жүргізу барысында нормативтік құқықтық актілерде 2020 жылы 3 сәйкессіздік анықталды.
2021 жылғы 18 мамырдағы мемлекеттік мекеменің ұсынылған талдамалық анықтамасына сәйкес 2020 жылы мемлекеттік мекеме 45 құқықтық акт, оның ішінде 4 шешім, 41 өкім шығарды.
Ал қабылданған нормативтік құқықтық актілер бойынша ұсынылған тоқсан сайынғы есепте 2020 жылы 57 нормативтік құқықтық актілер шығарылды.
Қабылданған құқықтық актілер бойынша тоқсан сайынғы есепті жіберген кезде мемлекеттік мекеме 2020 жылғы 1, 2 және 4-тоқсанға арналған есепті қағаз және электрондық түрде, көрсетілген есепті 2020 жылғы 3-тоқсанға қағаз түрінде ұсынған жоқ.
Бұдан басқа, 2020 жылы қабылданған нормативтік құқықтық актілердің көшірмелері, осы нормативтік құқықтық актілерді тіркеу журналының қағаз түріндегі көшірмелері мүлдем берілмеген.
Сондай-ақ, қабылданған құқықтық актілер бойынша тоқсан сайынғы есепті жіберген кезде мемлекеттік мекеме 2021 жылдың 1 тоқсанына есепті ««Жақсы ауданының Калинин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың 2021 жылға арналған жылдық жоспарын бекіту туралы» 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 1 өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 1 наурыздағы № 7 өкіммен шығарылған толықтырусыз бергені анықталды.
Осылайша, 2021 жылдың 1-ші тоқсанында қабылданған құқықтық актілер бойынша аудандық есеп көрсетілген өкімсіз ӘД-ға жіберілді, ол 2021 жылдың 2-ші тоқсанындағы есепте көрсетілген.
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 3-тармағын, 22-бабының 2-тармағын бұзған кезде «Қаржылық құжаттарға бірінші және екінші қол қою құқығын жүктеу туралы» 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 2 өкім шығарылған кезде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіннің теңтүпнұсқалығы қамтамасыз етілмеген, қағидалар нормаларына сілтемелер көрсетілмеген («Бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» ҚР ҚМ 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығының 102-тармағын көрсету қажет).
««Жақсы ауданының Калинин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың 2020 жылға арналған жылдық жоспарын бекіту туралы» 2020 жылғы 21 қаңтардағы № 1 өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 12 наурыздағы № 4 өкімді шығару кезінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сілтеме дұрыс көрсетілмеген (Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 5-бабының 4-тармағы көрсетілген, жоғарыда аталған Заңның 7-тармағын).
Құқықтық актілерді шығару кезінде жоғарыда көрсетілген қателіктер 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 26, 27 өкімдермен жойылды.
Анықталған сәйкессіздіктер мемлекеттік мекеменің 2021 жылғы 18 мамырдағы ұсынылған Талдамалық анықтамасында көрсетілмеген.
2.Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
2.1. Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы.
Мемлекеттік мекеменің 2021 жылғы 18 мамырдағы ұсынылған талдамалық анықтамасына сәйкес 2020 жылғы жағдай бойынша мемлекеттік мекеменің штат саны 5 бірлікті құрады (Аудан әкімі аппаратының ПБҚ талдау анықтамасына сәйкес 4 бірлік), іс жүзінде 3 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді, 1 бос орын бар. 2020 жылы таза ауысымдылық жоқ.
Бюджет қаражатын игермегені үшін ауылдық округ әкіміне қатысты 1 тәртіптік жаза қолданылады.
Ішкі жұмыс тәртібін, лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, лауазымдық нұсқаулықтарды реттейтін негізгі құжаттар бар.
Мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдау жүргізу барысында мемлекеттік мекеме және аудан әкімі аппаратының ПБҚ ұсынған мәліметтерді талдай отырып, ұйымдастыру-басқарушылық қызметінде деректердің 1 сәйкессіздігі анықталды, атап айтқанда шарттық негізде қабылданған қызметкердің саны көрсетілмеген (мемлекеттік қызметшілердің штат санын көрсету не қызметкерлерді, оның ішінде нақты жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің санын көрсете отырып, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің жалпы санын көрсету қажет).
2.2. Мүдделер қақтығысын реттеу.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдау жүргізу барысында мүдделер қақтығысы жағдайлары анықталған жоқ, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің мемлекеттік мекеме әкімімен үлестестігі, жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірлескен қызметі (жұмысы) жоқ.
2.3. Мемлекеттік қызмет көрсету.
Мемлекеттік мекеменің 2021 жылғы 18 мамырдағы ұсынылған талдамалық анықтамасына сәйкес 2020 жылғы жағдай бойынша мемлекеттік мекеме мемлекеттік қызметтердің 7 түрін көрсетеді.
Мемлекеттік мекемемен Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдау жүргізу барысында, мемлекеттік мекеме және аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөлімі ұсынған мәліметтерді талдай отырып, деректердің 1 сәйкессіздігі анықталды, атап айтқанда цифрлық даму министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсетулердің қолданыстағы тізіліміне сәйкес, 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ мемлекеттік мекеме мемлекеттік қызметтердің 5 түрін көрсетеді.
2020 жылы мемлекеттік мекеме қызмет көрсеткен жоқ.
Электрондық үкімет арқылы көрсетілетін қызметті алушы 24 түрлі анықтама түрін өз бетінше алды.
Әлеуметтік желілерде 1 мақала жарияланды, «Адал көмек» жобасы аясында көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері бойынша 1 тікелей эфир өткізілді.
Ғимаратқа кіре берісте пандус орнатылған, шақыру түймесі бар және жұмыс істейді.
Халыққа қолжетімді жерде, ғимараттың холында Мемлекеттік қызметтер бойынша қолданыстағы ережелер мен өтініш үлгілері бар ақпараттық стенд орналастырылған.
Жақсы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 қаңтардағы № А-0/07 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мекеменің ережесінде Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша функция көзделген, ол мемлекеттік мекеменің әкімі мен бас маманының лауазымдық нұсқаулығында көрсетілген.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 5-бабы 2-тармағы 6) тармақшасына бойынша көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруға, сондай-ақ мүгедектермен қарым-қатынас жасау дағдыларына үйретуге міндетті.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілікті арттыру туралы қолданыстағы сертификат мемлекеттік мекеме әкімінде бар, алайда аталған заңды бұзған жағдайда мемлекеттік мекеменің бас маманында сертификат жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуына талдау жүргізу барысында, сондай-ақ мемлекеттік мекемеде есептік деректердің алшақтығы анықталған жоқ. Барлық мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес көрсетілген.
2.4. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау.
2020 жылы мемлекеттік мекемеге 2 өтініш келіп түсті, олар қаралып, өтініш берушілерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уақытылы жауап берілді.
2020 жылға арналған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу папкалары, журналдары, сондай-ақ азаматтарды жеке қабылдауды тіркеу журналы бар.
Ұсынылған 2021 жылғы 18 мамырдағы мемлекеттік мекеменің талдамалы анықтамасына сәйкес 2020 жылғы жағдай бойынша ауылдық округ әкімінің жеке қабылдауына 8 адам қабылданды, ал аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және қаржы-шаруашылық қызметі бөлімінің «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау жөніндегі талдамалы анықтамаға сәйкес ауылдық округ әкімінің жеке қабылдауы анықталған жоқ.
Талдау нәтижелері бойынша ҰСЫНАМЫЗ:
Қарау нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы «Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ-не 2021 жылғы 14 тамызға дейінгі мерзімде хабарлау қажет.
Жақсы ауданы әкімі
аппаратының басшысы О. Бочарникова
КЕЛІСІЛДІ: А Майлыбаева
Т. Балацкая
Д. Бектұрғанова
Ұ. Жүсіпова
М. Төлебаев