Меню

Страницы

Статья

ХАБАРЛАМА

ХАБАРЛАМА

 

2021 жылғы 25 шілдеде Жақсы ауданының ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлау төрт сайлау округі бойынша өтті.

Жақсы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жақсы ауданы ауылдарының, кенттерінің, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Ешім ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша сайлау округі:

 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 797 азамат енгізілді, олардың 640-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 6, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 21.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Борамбаева Д.С. - 495; Ижбулатова Т.Б. - 38; Комаров М. В. -80.

Ешім ауылдық округінің әкімі болып Диана Сайранқызы Борамбаева сайланды, 1989 жылы туған, «Жақсы ауданы Ешім ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Ешім ауылының тұрғыны,  «Nur Otan» партиясынан ұсынылды.

Новокиенка ауылының әкімін сайлауы бойынша сайлау округі:

 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 499 азамат енгізілді, олардың 424-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 4, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 45.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Садықов Б.Қ. - 296; Бектұрағанова Д.Б. - 59; Сабыр Б.Қ -20.

Новокиенка ауылы әкімі болып Болат Қаратайұлы Садықов сайланды, 1960 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Новокиенка ауылының тұрғыны,  «Nur Otan» партиясынан ұсынылды.

Киев ауылының әкімін сайлау бойынша сайлау округі:

 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 420 азамат енгізілді, олардың 388-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 10, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған – 13.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Дахай Ж. - 324; Майлыбаева А.Т. - 10; Байдаулетова З.У. -59.

Киев ауылы әкімі болып Жәрдембек Дахай сайланды, 1985 жылы туған, «Жақсы ауданы Тарас ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Беловод ауылының тұрғыны,  «Nur Otan» партиясынан ұсынылды.

 

Терісаққан ауылының әкімін сайлау бойынша сайлау округі:

 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 194 азамат енгізілді, олардың 179-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 2, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған – 14.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Кеңесова Е.М. - 154; Жүсіпова Ұ.О.- 6; Черемисова Н.Г. -3.

Терісаққан ауылы әкімі болып Еркеназ Мұханмедярқызы Кеңесова сайланды, 1966 жылы туған,Терісаққан ауылының кітапханасының кітапханашысы, Терісаққан ауылының тұрғыны,  «Nur Otan» партиясынан ұсынылды.

 

Жақсы аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 27 шілдедегі шешімімен 2021 жылғы 25 шілдеде сайланған Жақсы ауданының ауылдар, кенттер, ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді.

 

 

Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
27 июля 2021
Дата обновления
27 июля 2021
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
22 сентября 2026
Жұмылдыру жарияланған кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібі
28 августа 2026
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.
10 августа 2026
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы