ХАБАРЛАМА
2021 жылғы 25 шілдеде төрт округ бойынша Жақсы ауданының ауылдары мен ауылдық округтерінің әкімдеріне сайлау өтті.
Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Жақсы ауданының ауылдары, ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары сайлау нәтижелерін анықтады:
Киев сайлау округі
Киев ауылы әкімін сайлауға:
Округ бойынша сайлаушылар тізіміне 420 азамат енгізілді, оның 388 дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны - 10, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 13.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны:
Байдаулетова З.У - 31; Дахай Ж. - 324; Майлыбаева А. Т.- 10.
Киев ауылының әкімі болып сайланған Дахай Жәрдембек, 1985 ж.т., «Жақсы ауданы Тарас ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, «Nur Otan» партиясы ұсынған Беловод ауылдық округі Беловод ауылында тұрады.
Новокиенка сайлау округі
Новокиенка ауылы әкімін сайлауға:
Округ бойынша сайлаушылар тізіміне 499 азамат енгізілді, оның 424 дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны - 4, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 45.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны:
Бектұрғанова Д.Б.– 59; Сабыр Б.Қ. –20; Садықов Б.Қ. – 296. Новокиенка ауылының әкімі болып сайланған Садықов Болат Қаратайұлы, 1960 ж.т., уақытша жұмыссыз, «Nur Otan» партиясы ұсынған Новокиенка ауылында тұрады.
Терісаққан сайлау округі
Терісаққан ауылы әкімін сайлауға:
Округ бойынша сайлаушылар тізіміне 194 азамат енгізілді, оның 179 дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны - 2, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 14.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны:
Жүсіпова Ұ.О.– 6; Кеңесова Е.М. – 154; Черемисова Н.Г. – 3.
Терісаққан ауылының әкімі болып сайланған Кеңесова Еркеназ Муханмедярқызы, 1966 ж.т., Терісаққан ауылдық кітапханасының кітапханашысы, «Nur Otan» партиясы ұсынған Терісаққан ауылында тұрады.
Ешім сайлау округі
Ешім ауылдық округі әкімін сайлауға:
Сайлаушылар тізіміне 797 азамат енгізілді, олардың 640 дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны - 6, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 21.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны:
Борамбаева Д.С. - 495; Ижбулатова Т.Б. - 38; Комаров М.В. - 80.
Ешім ауылдық округінің сайланған әкімі Борамбаева Диана Сайранқызы, 1989 жылы туған, «Жақсы ауданы Ешім ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, «Nur Otan» партиясы ұсынған, Ешім ауылында тұрады.
Жақсы аудандық аумақтық комиссия